Бейнематериал
«BOZOQ» ғылыми-танымдық журналының алғашқы саны жарық көрді
Құрметті достар, әріптестер!
Мәдениет пен ғылым әлеміндегі айтулы жаңалықты зор қуанышпен хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қолдауымен және «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бастамасымен отандық ғылыми-зерттеу кеңістігін жаңа деңгейге көтеретін «BOZOQ» ғылыми-танымдық журналының тұсаукесер алғашқы саны жарық көрді.
Басылым беттерінде Бозоқ ортағасырлық қалашығының зерттелу тарихы, археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері, Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері туралы ғылыми мақалалар, музей ісі мен мәдени мұраны сақтау бағытындағы тың деректер мен танымдық материалдар топтастырылған. Сонымен қатар журналда отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулері, тарихи тұлғалар мен маңызды оқиғаларға арналған мақалалар да жарияланады.
Журнал ғылыми қауымдастық, музей мамандары, оқытушылар, студенттер мен тарихқа қызығушылық танытатын қалың оқырман қауым үшін құнды ақпарат көзі болмақ.
Оқырмандарымызды жаңа басылыммен танысуға шақырамыз және журналдың алдағы сандарында да қызықты әрі мазмұнды материалдар ұсынылатынын қуана хабарлаймыз



