








Previous
Next
31 мамыр-Халқымыздың тарихындағы ең ауыр да қасіретті кезеңдердің бірі, Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бұл күн-өткеннің ащы шындығын ұмытпай, жазықсыз жапа шеккен отандастарымыздың рухына тағзым етудің және ұлттық бірлікті нығайтудың символы.
Осы атаулы күн аясында «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы «АЛЖИР» музей-мемориалдық кешенінде болып, бірлескен кәсіби кездесу өткізді.
Шара барысында «АЛЖИР» музейінің мамандары мұражай экспозициялары бойынша ауқымды экскурсия ұйымдастырып, қуғын-сүргін жылдарының тарихи деректері мен қордағы құнды жәдігерлердің маңызын тереңнен таныстырды.
Өз кезегінде «Бозоқ» музей-қорығының ғылыми қызметкерлері елорда аумағындағы көне урбанизация ошағы-ежелгі Бозоқ қалашығының тарихы, соңғы археологиялық зерттеулердің нәтижелері мен мәдени мұраны мұражайландыру концепциясы аясында ақпарат беріп, өзара кәсіби тәжірибе алмасты.
Екі бірдей ірі мәдениет ошағының басқосуы кәсіби тәжірибе алмасуға және тарихи жадыны жаңғыртуға бағытталған ортақ бастамаларға жол ашты.
Жазықсыз құрбандардың рухы мәңгі есімізде…



