Халықаралық музейлер күніне орай ҚР МАМ МК «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында ұйымдастырылған «Музей түні» акциясы аясында «Бозоқ – Ұлы дала өркениеті» атты тарихи көрменің ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті.

Халықаралық музейлер күніне орай ҚР МАМ МК «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында ұйымдастырылған «Музей түні» акциясы аясында «Бозоқ – Ұлы дала өркениеті» атты тарихи көрменің ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті.
🔹Көрменің маңызды бөлімдерінің бірі – этнограф-зерттеуші, мүсінші-реконструктор Ахметжан Қалиолла Саматұлы әзірлеген «Дала жауынгерінің бейнесі» атты көркем реконструкциялар топтамасы болды. Автордың көшпелі өркениеттің әскери мәдениетіне арналған ғылыми ізденістері көрме мазмұнын толықтыра түсті.
🔹Сонымен қатар, іс-шара аясында «Бозоқ – Ұлы дала өркениеті» ғылыми-танымдық журналының салтанатты тұсаукесері өтіп, алғашқы таныстырылымы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Ерлан Дәкеновтің бастауымен жүзеге асты.
🔹Мәдени кешке қала тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, жас зерттеушілер мен музей қонақтары қатысып, арнайы қонақ ретінде шақырылған дәстүрлі әнші ұлттық өнерден тағылымды әндер орындады. Сонымен қатар, келушілер арасында тарихи-танымдық викторина ұйымдастырылып, белсенді қатысушылар арнайы марапатталды.
🔹Осылайша «Бозоқ – Ұлы дала өркениеті» көрмесі ұлттық тарихты дәріптеуге, мәдени мұраны насихаттауға және қоғамның тарихи сана-сезімін арттыруға бағытталған мазмұнды мәдени кеш ретінде өз мәресіне жетті.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

Елімізде ауқымды саяси және конституциялық жаңғырудың жаңа кезеңі басталып отыр. Жаңа Конституция қабылданып, бірінші Құрылтайдың құрамы сайланды. Ендігі негізгі міндет жүргізіліп жатқан реформалардың нақты нәтижеге жұмыс істеп, еліміздің дамуына ықпал етуі.

Елімізде ауқымды саяси және конституциялық жаңғырудың жаңа кезеңі басталып

Подробнее »

Қостөбе – VІ-ХІІ ғасырлардағы көне қала орны. Байзақ ауданындағы Сарыкемер ауылының шығыс жағында, Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан. Тарихи қалашық ЮНЕСКО-ның Мәдени мұралар тізіміне 2014 жылы енген.

Previous Next Қостөбе қалашығыҚостөбе – VІ-ХІІ ғасырлардағы көне қала

Подробнее »