2026 жылғы бос жұмыс орындарының тізімі

Лауазымдар және міндеттері

Лауазым атауыМіндеттері
1Мемлекеттік сатып алулар және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі жетекшісі
  1. Кәсіпорынның мүдделерін басшылық тапсырмасы бойынша басқа органдар мен ұйымдарда, Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша білдіреді;
  2. Құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, есеп формаларын және Кәсіпорын қызметімен байланысты басқа құжаттамаларды әзірлеуге қатысады;
  3. Мемлекеттік бақылау органдарының Кәсіпорынға жүргізетін тексерістері кезінде оның мүдделерін білдіреді, тексерушілердің іс-әрекеттерінің заңдылығын, қорытындыларының негізділігін және дұрыстығын, тексеріс нәтижелерін рәсімдеуді және процессуалдық құжаттарды дайындауды бақылайды;
  4. Кәсіпорын атынан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға өкілетті мемлекеттік қадағалау органдарында өкілдік етеді, мемлекеттік қадағалау органдары қызметкерлерінің әрекеттеріне және Кәсіпорынға заңсыз салынған әкімшілік санкцияларға шағымдар дайындайды және жібереді;
  5. Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінде келісім-шарттық жұмыстың жай-күйін тексереді;
  6. Барлық сатып алулардың мемлекеттік сатып алу туралы заң талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
2Инженер-энергетик
  1. Энергетикалық жабдықтарды, электр және жылу желілерін, ауа құбырларын үздіксіз жұмыс істеуін, дұрыс пайдалануын, жөндеуін және жаңартылуын қамтамасыз етеді;
  2. Энергетикалық қондырғылар мен желілерді өнеркәсіптік пайдалануға қабылдау және сынауға қатысады, энергетикалық жабдықтардағы апаттардың себептерін қарастырады және олардың алдын алу, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау шараларын әзірлейді;
  3. Релейлік қорғау және автоматика құралдарын тексеру мен сынауды ұйымдастырады;
  4. Ұйымда қолданылатын өлшеу-қадағалау, электротехникалық және жылу-техникалық аспаптарға техникалық бақылау жүргізеді;
  5. Энергожабдықтар мен электр желілерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және қадағалау нұсқауларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
  6. Энергетикалық жабдықтарға стандарттар мен техникалық шарттарды әзірлеуге және енгізуге қатысады;
  7. Жабдықты жөндеу бойынша мердігер ұйымдармен келісімшарт жасауға қажетті материалдарды дайындайды;
  8. Энергетикалық жабдықтардың капитальды және басқа жөндеулерінің орындалуын бақылайды;
  9. Энергожабдықтар мен желілерді пайдалану және жөндеу кезінде қауіпсіздік және еңбек қорғау ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді.
3Инженер-жүйе техник маманы (0,5 мөлшерлеме)
  1. Локальді желі және пошта серверінің пайдаланушыларын тіркейді, идентификаторлар мен құпиясөздер тағайындайды;
  2. Желілік жабдық істен шыққан немесе сәтсіздік болған жағдайда локальді желінің жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру шараларын қабылдайды;
  3. Пайдаланушылар мен бағдарламалық қамтамасыз етудегі қателерді анықтап, оларды түзету шараларын жүзеге асырады;
  4. Желілік қауіпсіздікті қамтамасыз етеді (ақпаратқа рұқсатсыз қолжетімділіктен, жүйелік файлдар мен деректерді қарау немесе өзгерту әрекеттерінен қорғау), желілер арасындағы өзара әрекет қауіпсіздігін қадағалайды;
  5. Локальді есептеу желісі, серверлер және жұмыс станциялары үшін антивирустық қорғанысты жүзеге асырады;
  6. Ақпараттық жүйе жабдығының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді және жұмыс барысында туындайтын бұзушылықтарды жою бойынша жедел шаралар қабылдайды;
  7. Ақпараттық жүйенің компьютерлік және желілік жабдығын бақылау мен диагностика жүргізеді, ақауларды уақытылы анықтайды;
  8. Жүйелік және желілік бағдарламалық қамтамасыз етуді баптайды;
  9. Ақпараттық жүйеге техникалық қызмет көрсетеді;
  10. Ақпарат пен ақпараттық жүйелерді қорғауды ұйымдастырады.
4Жүргізуші
  1. Барлық түрдегі жеңіл автомобильдерді басқару;
  2. Автомобильдің техникалық жағдайын қадағалау, оның қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстарды өз бетінше орындау (пайдалану нұсқаулығына сәйкес), техникалық қызмет көрсету орталығында уақытылы техникалық қызметтен өту және техникалық тексерістен өту;
  3. Күнделікті жол-жоспарларды жүргізу, жүру маршруттарын, өткен километрді, отын шығынын және т.б. көрсету.