2026 жылғы 20 қарашада «Бозоқ» тарихи-мәдени музей-қорығында «Қазақстанның мәдени мұрасы: зияткерлік мұра және заманауи зерттеу бағыттары» тақырыбында Қазақстан, Ресей, Италия және Түркия ғалымдарының қатысуымен халықаралық дөңгелек үстел өтті

Іс-шараға музейдің ғылыми қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, сондай-ақ отандық және шетелдік ғалымдар қатысты.


Ғылыми іс-шарада Бозоқ қалашығының Еуразия тарихындағы орны, Алтын Орда дәуірінің тарихи мұрасы, археологиялық және генетикалық зерттеулердің жаңа нәтижелері, сондай-ақ қазақ халқының рухани әрі зияткерлік мұрасы кеңінен талқыланды.


Кездесу аясында отандық және шетелдік зерттеушілер ғылыми баяндамаларын ұсынып, тарихи-мәдени мұраны зерделеу, сақтау және насихаттау мәселелері бойынша пікір алмасты. Бұл дөңгелек үстел ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, халықаралық тәжірибе алмасуға және Қазақстанның тарихи мұрасын тереңірек тануға маңызды серпін берді.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Астана қаласының 7–8 сынып оқушылары арасында Республика күніне арналған «Ежелгі Бозоқ қалашығы және қазіргі Астана» атты республикалық қашықтықтан интернет-эссе байқауы өтті.

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Астана қаласының 7–8 сынып оқушылары

Подробнее »