




Previous
Next
Шараға белгілі ақын, ғалым, «Шабыт» фестивалінің лауреаты, Т. Айбергенов және К. Райымбекұлы атындағы сыйлықтардың, сондай-ақ «Жас тұлпар» сыйлығының иегері Серік Сейітман қонақ болып, елеулі ойларымен бөлісті. Дөңгелек үстел қазақтан шыққан алғашқы құқықтану магистрі, ғалым, тарихшы, заңгер Жақып Ақбаевтың 150 жылдығына орай, сондай-ақ ақын, жазушы Міржақып Дулатұлының алдағы туған күніне орай өткізіліп отыр.
Шараға Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжінің студенттері, сондай-ақ музей қызметкерлері қатысты. Аталған отырыста тарихи тұлғалар, мемлекетшілдік, елді сүю туралы маңызды тақырыптар қозғалды.



