ҚР Ұлттық музейінде «Қазақстан — Франция 2026» музеология форумы өз жұмысын бастады. Форум тарихи-мәдени мұраны сақтау, музей ісін дамыту, инновациялар мен цифрлық трансформация мәселелеріне арналды.

ҚР Ұлттық музейінде «Қазақстан — Франция 2026» музеология форумы өз жұмысын бастады. Форум тарихи-мәдени мұраны сақтау, музей ісін дамыту, инновациялар мен цифрлық трансформация мәселелеріне арналды.
Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары- Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Сильван Гиоге және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Форум Қазақстан, Франция, Орталық Азия елдері мен түркі әлемінен келген музей мамандары мен сарапшыларын бір алаңға жинап, мәдени мұраны сақтау, музей ісін жаңғырту және цифрлық технологияларды енгізу бағытындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.
Форум аясында «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры PhD Жандос Болдыков «Бозоқ-Ұлы дала өркениеті» баяндама жасап, ортағасырлық Бозоқ қалашығын зерттеу, сақтау және музейлендіру жұмыстарының нәтижелерін таныстырды.
Бағдарлама шеңберінде қатысушылар 3D-құжаттандыру, виртуалды көрмелер, жасанды интеллектіні музей саласында қолдану және материалдық емес мәдени мұраны сақтау мәселелерін талқылауда.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

Елімізде ауқымды саяси және конституциялық жаңғырудың жаңа кезеңі басталып отыр. Жаңа Конституция қабылданып, бірінші Құрылтайдың құрамы сайланды. Ендігі негізгі міндет жүргізіліп жатқан реформалардың нақты нәтижеге жұмыс істеп, еліміздің дамуына ықпал етуі.

Елімізде ауқымды саяси және конституциялық жаңғырудың жаңа кезеңі басталып

Подробнее »

Қостөбе – VІ-ХІІ ғасырлардағы көне қала орны. Байзақ ауданындағы Сарыкемер ауылының шығыс жағында, Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан. Тарихи қалашық ЮНЕСКО-ның Мәдени мұралар тізіміне 2014 жылы енген.

Previous Next Қостөбе қалашығыҚостөбе – VІ-ХІІ ғасырлардағы көне қала

Подробнее »