«Ежелгі Бозоқ қалашығы және қазіргі Астана» атты Республика күніне арналған республикалық қашықтықтан интернет-байқауын өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер:
Республикалық қазыналық кәсіпорын «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» «Ежелгі Бозоқ қалашығы және қазіргі Астана» республикалық қашықтықтан эссе интернет-байқауын (бұдан әрі – Байқау) Астана қаласы бойынша жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізеді. Осы ережелер Байқаудың мақсатын, міндеттерін және өткізу тәртібін айқындайды.
Конкурстың мақсаттары мен міндеттері:
- Өскелең ұрпақтың өз елінің тарихына деген қызығушылығын қалыптастыру.
- Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін және жазбаша сөйлеуін дамыту.
- Отансүйгіштікке, елін құрметтеуге және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға тәрбиелеу.
- Дарынды білім алушыларды қолдау.
«Бозоқтан – Астанаға: Ұлы дала тарихының сабақтастығы» атты тақырыбындағы эссе бағыттары:
- «Бозоқ – Астананың мыңжылдық тарихындағы ізашары».
- «Бозоқ – Ұлы даланың мәдени мұрасы».
- «Өткенді сақтай отырып – болашақты жасаймыз».
- «Менің болашағым – Қазақстанның болашағы».
- «Қазақстан Республикасы: тәуелсіздік пен мемлекеттілікке бастар жол».
2. Байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі
Байқау жұмыстары электронды түрде 2026 жылдың 15 қыркүйегінен 15 қазанына дейін төмендегі электрондық поштаға қабылданады: bozok.konkurs@gmail.com. 2026 жылғы 15 қазаннан кейін немесе талаптарға сай келмейтін жұмыстар қаралмайды.
Байқау қорытындысы, жеңімпаздардың дипломдары, қатысушылардың сертификаттары 2026 жылғы 26 қазанда сайтта жарияланады: bozok.kz
Байқауға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды. Ұйымдастырушылар конкурс материалдарын авторын көрсете отырып БАҚ-та жариялауға құқылы.
Байқауға қатысу үшін электрондық поштаға: bozok.konkurs@gmail.com төмендегілер жіберіледі:
- қосымшаға сәйкес өтінім;
- байқау жұмысы (электрондық түрде).
3. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар
Байқауға Астана қаласының жалпы орта білім беру ұйымдарының 7-8 сынып аралығындағы білім алушылары қатысады:
1) орта жас тобы: 12 – 14 жас;
Жұмыс мәтіні MS Word мәтіндік редакторында терілуі тиіс. Қаріп: Times New Roman, өлшемі – 14, жол аралығы – 1. Жұмыс көлемі – 250-300 сөз, А4 форматында.
Бағалау критерийлері:
- Байқау тақырыбына сәйкестігі;
- Жас ерекшелігіне сәйкестігі;
- Сюжеттің түпнұсқалығы және авторлық ұстанымы;
- Қиял байлығы мен шығармашылық көзқарасы;
- Сөз саптауы және эстетикалық ресімделуі.
Жұмыстың титулдық бетінде көрсетіледі:
- эссе тақырыбы;
- облыс, аудан (қала), ауыл;
- білім беру ұйымының атауы;
- байқау атауы;
- автордың тегі, аты;
- қатысушының жасы;
- сыныбы;
- e-mail, байланыс деректері;
- жетекшісінің тегі, аты-жөні.
Байқау жұмыстары бұған дейін ешбір сайтта жарияланбаған болуы тиіс!
Жұмыстар 2 тілде қабылданады: қазақ және орыс.
4. Байқау қорытындысын шығару
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар онлайн I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Жүлделі орын алмаған қатысушылар сертификат алады, ал жеңімпаздардың жетекшілеріне алғыс хат табысталады.
Жеңімпаздардың дипломдары, жетекшілерінің алғыс хаттары мен қатысушылардың сертификаттарының электронды нұсқалары bozok.kz сайтында орналастырылады, оларды келесі сілтеме арқылы автоматты түрде жүктеп алуға болады: http://bozok.kz
Анықтама телефондары: +7 (7172) 99-90-62, 8 708 643 30 97 (Байқау «Ежелгі Бозоқ қалашығы және қазіргі Астана»).
Онлайн дипломдар, сертификаттар, алғыс хаттарды жүктеу: bozok.kz → Музей қызметі → Республикалық іс-шаралар → байқауы → ары қарай.



