Қазақстан мен Түркия ғалымдары Бозоқ қалашығын зерттеудің алдағы бағыттарын талқылады

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Түркия Республикасының Соргун қаласынан келген делегация өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуде Бозоқ қалашығын зерттеу аясындағы ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері сөз болды.

Тараптар ортақ зерттеулер жүргізу, тарихи және археологиялық материалдарды зерделеу, сондай-ақ Қазақстан мен Түркия ғалымдарының тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талқылады.
Сонымен қатар жиында Бозоқ қалашығының тарихи-мәдени құндылықтарын дәріптеу, тереңірек зерттеу және ғылыми байланысты жалғастыру жайы айтылды.

Сапар барысында делегацияға ашық аспан астындағы Ұлттық парк жобасы бойынша атқарылған жұмыстар таныстырылды. Делегация өкілдері жобаны одан әрі дамыту жоспары туралы ақпарат алды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1303202?lang=kk

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Астана қаласының 7–8 сынып оқушылары арасында Республика күніне арналған «Ежелгі Бозоқ қалашығы және қазіргі Астана» атты республикалық қашықтықтан интернет-эссе байқауы өтті.

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Астана қаласының 7–8 сынып оқушылары

Подробнее »