Құрметті достар!

Сіздерді рухани мәдениетіміздің алтын қазынасы, ұлттық болмысымыздың символы — Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Домбыра — тек музыкалық аспап қана емес, қазақтың тарихын, тағдырын, мұңы мен қуанышын кеудесіне сыйғызған қасиетті тұғырымыз. Халқымыз сан ғасырдан бері басынан өткерген небір қиын-қыстау замандар мен алмағайып күндерде өз мұң-зары мен арман-тілегін екі ішектің құдіретімен жеткізе білген. Елдің азаттыққа деген ұлы аңсары домбыраның пернесінде, күйдің тілінде сөйлеп, әрбір жүрекке рух беріп, мақтаныш сезімін ұялатады.
Ұлы Құрманғазының екпінді күйлері, Тәттімбеттің қоңыр саздары, Динаның өршіл нақыштары — рухани өміріміздің алтын діңгегі. Шертпе күй мен төкпе күйдің құдіреті әрбір қазақтың қанына сіңіп, жүрегіне ұялаған. Сондықтан да ақын Қадыр Мырза Әлі: «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра!» — деп бекер айтпаса керек.
Бүгінгі маңызды мереке — ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын, жас ұрпақтың бойына отаншылдық рухты дарытатын бірегей күн.
Төрімізден домбыра, жанымыздан күй сазы кетпесін! Қасиетті аспабымыздың үні әрқашан бейбіт аспанымыздың астында асқақтай берсін!

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

Елімізде ауқымды саяси және конституциялық жаңғырудың жаңа кезеңі басталып отыр. Жаңа Конституция қабылданып, бірінші Құрылтайдың құрамы сайланды. Ендігі негізгі міндет жүргізіліп жатқан реформалардың нақты нәтижеге жұмыс істеп, еліміздің дамуына ықпал етуі.

Елімізде ауқымды саяси және конституциялық жаңғырудың жаңа кезеңі басталып

Подробнее »

Қостөбе – VІ-ХІІ ғасырлардағы көне қала орны. Байзақ ауданындағы Сарыкемер ауылының шығыс жағында, Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан. Тарихи қалашық ЮНЕСКО-ның Мәдени мұралар тізіміне 2014 жылы енген.

Previous Next Қостөбе қалашығыҚостөбе – VІ-ХІІ ғасырлардағы көне қала

Подробнее »