Адамзаттың асыл мұрасы: Қазақстанның тарихи жәдігерлері ЮНЕСКО төрінде

Адамзат баласының мәдени құндылықтарын сақтауға ат салысып, оларды қорғауды көздейтін бірегей ұйым – ЮНЕСКО ұйымы. 1945 жылдың 16 қарашасынан бастап әлемдегі әсем де тарихи бай жәдігерлер мен табиғи мекендерді қорғауына алған ЮНЕСКО тізімі жыл сайын артып келеді. Әртүрлі жаһандық киелі орындар, музей-қорықтар аталған ұйымға қосылған соң халықаралық қорғауға алынып, бақылауда болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы тарихи нысандарымыздың ЮНЕСКО тізіміне енуіне назар аударып, өз бақылауында ұстап отыр. Ұлттық құрылтайдың V отырысында Президентіміз ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұраларының сапында болуға лайық бірнеше жәдігерімізді атаған еді. Президентіміз өз сөзінде:
–Елімізде танымдық әрі тағылымдық мәні зор тарихи орындар мен құнды жәдігерлер аз емес. Ғалымдарымыз Қызылорда жеріндегі Сауысқандық пен Түркістан облысындағы Арпа өзеннен жалпы саны 17 мың петроглиф тапқан. Осындай құнды жәдігерлеріміз бен ұлттық дәстүрлеріміз ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде болуға әбден лайық деп санаймын, – деген болатын.
Қазіргі кезде ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізімінде Қазақстанның 11 тарихи нысаны бар. Олардың қатарында – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Тамғалы петроглифтер кешені, Сарыарқа – Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері, Қойлық қалашығы, Қарамерген қалашығы, Талғар қалашығы сынды бірегей орындар кездеседі.
ЮНЕСКО-ға ең көп мәдени және табиғи нысандары енген ел – Италия мен Қытай, Италияның 55 нысаны, Қытайдың да 55 нысаны енген. Одан кейін Испания (48), Германия (46), Франция (45) секілді мемлекеттер бар.
Елімізде көптеген мәдени нысандар, қорықтар барын ескерсек, болашақта ЮНЕСКО құрамына енетін ескерткіштер саны бұдан да артатыны сөзсіз.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

Елімізде ауқымды саяси және конституциялық жаңғырудың жаңа кезеңі басталып отыр. Жаңа Конституция қабылданып, бірінші Құрылтайдың құрамы сайланды. Ендігі негізгі міндет жүргізіліп жатқан реформалардың нақты нәтижеге жұмыс істеп, еліміздің дамуына ықпал етуі.

Елімізде ауқымды саяси және конституциялық жаңғырудың жаңа кезеңі басталып

Подробнее »

Қостөбе – VІ-ХІІ ғасырлардағы көне қала орны. Байзақ ауданындағы Сарыкемер ауылының шығыс жағында, Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан. Тарихи қалашық ЮНЕСКО-ның Мәдени мұралар тізіміне 2014 жылы енген.

Previous Next Қостөбе қалашығыҚостөбе – VІ-ХІІ ғасырлардағы көне қала

Подробнее »