Құрметті достар!

Сіздерді рухани мәдениетіміздің алтын қазынасы, ұлттық болмысымыздың символы — Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Домбыра — тек музыкалық аспап қана емес, қазақтың тарихын, тағдырын, мұңы мен қуанышын кеудесіне сыйғызған қасиетті тұғырымыз. Халқымыз сан ғасырдан бері басынан өткерген небір қиын-қыстау замандар мен алмағайып күндерде өз мұң-зары мен арман-тілегін екі ішектің құдіретімен жеткізе білген. Елдің азаттыққа […]