ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫҚПАЛДАСТЫҚ: МУЗЕЙЛЕРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ

Қазақстан Республикасы музейлерін цифрландыру және дамыту

2026 жылдың 22-26 маусым аралығында елордамызда мәдениет пен ғылымның көкжиегін кеңейткен айтулы шара-«Қазақстан Республикасы музейлерін цифрландыру және дамыту» атты халықаралық семинар өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) және Қазақстан музейлерін дамыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылды.

Ауқымды білім алаңында еліміздің түкпір-түкпірінен, атап айтқанда, республикалық және өңірлік музейлерден жиналған 100-ге жуық маман бас қосып, заманауи музей ісінің ең өзекті трендтерімен танысты. «Бозоқ» тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкерлері де семинар барысында музей қорларын сапалы цифрландырудың инновациялық тетіктерін, виртуалды музейлер кеңістігін дамытудың халықаралық тәжірибесін және экспозицияларды заманауи технологиялармен байыта отырып, келушілердің танымдық қызығушылығын арттыру жолдарын қарастырған мазмұнды баяндамаларды ықыласпен тыңдады.

Бес күнге созылған тәжірибе алмасу барысында Түркия Республикасы Мәдени мұралар және музейлер бас басқармасынан арнайы келген мәртебелі ғалымдар-15 шілде Демократия музейінің директоры Әли Хайдар Аталар, Музейлер департаментінің музей зерттеушісі Гюльсехер Гюрген және «Болашаққа мұра» департаментінің PhD археологы Перихан Дөнерташ мазмұнды дәрістер оқып, Түркия музейлерінің озық тәжірибелері мен заманауи трендтерін ортаға салды. Сондай-ақ бауырлас елдің сарапшылары Қазақстан музейлерінің тыныс-тіршілігімен және бай тарихи қорымен жақын танысып, қатысушылармен бірге екі ел арасындағы мәдени-ғылыми ықпалдастықты күшейту, бірлескен халықаралық ғылыми жобаларды жүзеге асыру төңірегінде пайымды пікірлер мен тың ұсыныстар алмасты.

Тамыры бір, тарихы ортақ қос халықтың мәдени дипломатиясы заманауи технологиялармен үндескен осынау берекелі күндер болашақта үлкен халықаралық көрмелер мен ғажайып бірлескен жобаларға кең жол ашары сөзсіз. Бауырластығымыз бен мәдени байланысымыз әрдайым берік, жолымыз ортақ болсын!

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

ҚР Ұлттық музейінде «Қазақстан — Франция 2026» музеология форумы өз жұмысын бастады. Форум тарихи-мәдени мұраны сақтау, музей ісін дамыту, инновациялар мен цифрлық трансформация мәселелеріне арналды.

Previous Next ҚР Ұлттық музейінде «Қазақстан — Франция 2026»

Подробнее »

31 мамыр-Халқымыздың тарихындағы ең ауыр да қасіретті кезеңдердің бірі, Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бұл күн-өткеннің ащы шындығын ұмытпай, жазықсыз жапа шеккен отандастарымыздың рухына тағзым етудің және ұлттық бірлікті нығайтудың символы.

Previous Next 31 мамыр-Халқымыздың тарихындағы ең ауыр да қасіретті

Подробнее »

Халықаралық музейлер күніне орай ҚР МАМ МК «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында ұйымдастырылған «Музей түні» акциясы аясында «Бозоқ – Ұлы дала өркениеті» атты тарихи көрменің ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті.

Previous Next Халықаралық музейлер күніне орай ҚР МАМ МК

Подробнее »