КӨНЕ БОЗОҚ ҚАЛАШЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Тарихи-мәдени, сәулет жобасының бейнепрезентациясы

"Көне Бозоқ қалашығының археологиялық қазба жұмыстары негізінде ашық аспан астындағы Ұлттық парк құру"

Бозоқ  — 

Астана қаласының оңтүстігінде, Бұзықты көлінің шығыс жағалауындағы VIII—XVI ғасырлардағы қалашық пен қорым. Ескерткіш бірнеше бөліктен тұрады және жалпы аумағы шамамен 40 гектарды қамтиды. Орталық бөлігін орташа өлшемі 35×35 м болатын, валмен қоршалып, ішкі ормен бекітілген үш алаңнан («квартал») тұрады.

🇰🇿 Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті

Жаңалықтар

Халықаралық ғылыми ынтымақтастық туралы меморандум аясында 2026 жылғы 13–16 мамыр аралығында «Бозоқ» музей-қорығы Түркия Республикасынан келген ғылыми делегацияны қабылдады. Делегация құрамында тілдерді зерттеу орталығының директоры Сельчук Доган, «Бозок» университетінің өнер тарихы кафедрасының меңгерушісі Мехмет Кутлу және аудармашы Лейла Кутлу болды.

Previous Next Халықаралық ғылыми ынтымақтастық туралы меморандум аясында 2026 жылғы

Ұлы Жеңіс күніне орай «Бозоқ» музей-қорығында «Майдангер мұрасы: Ақышев және тарихи тағылым» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның басты мақсаты — көрнекті археолог, майдангер-ғалым Кемел Ақышевтың ғылыми мұрасын насихаттау, тарихи сананы қалыптастыру және жас ұрпақ бойында отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеу.

Previous Next Ұлы Жеңіс күніне орай «Бозоқ» музей-қорығында «Майдангер мұрасы:

25 сәуірде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қазақстандық қоғамдық даму институтында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ магистранттарымен ғылыми-танымдық кездесу өтті.

Previous Next 25 сәуірде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Тарих ғылымы және музей тәжірибесі: сын-тегіндер мен болашақ мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Previous Next «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында«Тарих ғылымы және музей тәжірибесі: