КӨНЕ БОЗОҚ ҚАЛАШЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

📢 Хабарландыру

Республикалық қашықтықтан интернет-эссе байқауы

«Ежелгі Бозоқ қалашығы және қазіргі Астана»

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Астана қаласының 7–8 сынып оқушыларын Республика күніне арналған «Ежелгі Бозоқ қалашығы және қазіргі Астана» атты республикалық қашықтықтан интернет-эссе байқауына қатысуға шақырады.

📅 Жұмыстарды қабылдау мерзімі
15 қыркүйек – 15 қазан 2026 жыл
👥 Қатысушылар
7–8 сынып, 12–14 жас
📧 Электрондық пошта
bozok.konkurs@gmail.com

Жеңімпаздар I, II және III дәрежелі онлайн дипломдармен марапатталады. Жүлделі орындарға ие болмаған қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Тарихи-мәдени, сәулет жобасының бейнепрезентациясы

"Көне Бозоқ қалашығының археологиялық қазба жұмыстары негізінде ашық аспан астындағы Ұлттық парк құру"

Бозоқ  — 

Астана қаласының оңтүстігінде, Бұзықты көлінің шығыс жағалауындағы VIII—XVI ғасырлардағы қалашық пен қорым. Ескерткіш бірнеше бөліктен тұрады және жалпы аумағы шамамен 40 гектарды қамтиды. Орталық бөлігін орташа өлшемі 35×35 м болатын, валмен қоршалып, ішкі ормен бекітілген үш алаңнан («квартал») тұрады.

🇰🇿 Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті

Жаңалықтар

Ұлы Жеңіс күніне орай «Бозоқ» музей-қорығында «Майдангер мұрасы: Ақышев және тарихи тағылым» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның басты мақсаты — көрнекті археолог, майдангер-ғалым Кемел Ақышевтың ғылыми мұрасын насихаттау, тарихи сананы қалыптастыру және жас ұрпақ бойында отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеу.

Previous Next Ұлы Жеңіс күніне орай «Бозоқ» музей-қорығында «Майдангер мұрасы:

25 сәуірде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қазақстандық қоғамдық даму институтында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ магистранттарымен ғылыми-танымдық кездесу өтті.

Previous Next 25 сәуірде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Тарих ғылымы және музей тәжірибесі: сын-тегіндер мен болашақ мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Previous Next «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында«Тарих ғылымы және музей тәжірибесі:

Алматы қаласында 2026 жылғы 9–10 сәуір күндері ЮНЕСКО аясындағы 2025–2026 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына сәйкес материалдық емес мәдени мұраны сақтау және дамыту мәселелеріне арналған ұлттық дөңгелек үстел өтті

Previous Next Алматы қаласында 2026 жылғы 9–10 сәуір күндері ЮНЕСКО