Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – адамзат игілігіне айналған баға жетпес рухани мұра

Халықаралық деңгейде мойындалып, ЮНЕСКО-ның құрамына алғаш болып енген киелі орын, мәртебелі мұрамыз – Қожа Ахмет Яссауи кесенесі.
Яссауи кесенесі – қанша ғасыр өтсе де бағасын жоғалтпай, уақытпен бірге қайта жанданып, жаңа ұрпақ зердесімен сараланған бірегей мұра. Қойнауына көп жұмбағын жасырған зәулім ғимарат әлі де зерттеліп, ғалымдардың қаламымен өзгеше мәнге ие болып отыр.
Жерімізге ислам дінін таратып, соңына баға жетпес рухани байлық қалдырған Яссауи бабамыздың мұрасы кесенеге барар жолда арнайы тақталарға айрықша етіп жазылған. Сонымен қатар нысан ішінде сонда жерленген хандар мен батырлардың тізімдері енгізіліп, құнды ақпаратқа толы құрылғылар орнатылған.
Дүниежүзілік мұралар тізіміне кіріп, әмбебап құндылыққа ие екені жаһан елдері алдында ресми түрде мойындалған бірегей ескерткішке қазіргі күні келушілер саны мол. Бұл – асқақ сәулет өнеріміздің тек бір мемлекеттің ғана емес, адамзат игілігіне айналғанының бірден бір дәлелі.
Бүгінде «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы жоғарғы мәртебесіне сай өзіне жүктелген міндеттерді асыра орындап, көрерменге мәдени-рухани азық сыйлауда. Тарихымыздың ұлылығын, халқымыздың баянды өткенін айқындайтын алып ескерткішті қорғау, оны өзгелерге таныту – баршамыздың азаматтық борышымыз. Құнды жәдігерлеріміз асқақтап, еліміздің мәдени мәртебесі биіктей берсін!

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

Елімізде ауқымды саяси және конституциялық жаңғырудың жаңа кезеңі басталып отыр. Жаңа Конституция қабылданып, бірінші Құрылтайдың құрамы сайланды. Ендігі негізгі міндет жүргізіліп жатқан реформалардың нақты нәтижеге жұмыс істеп, еліміздің дамуына ықпал етуі.

Елімізде ауқымды саяси және конституциялық жаңғырудың жаңа кезеңі басталып

Подробнее »

Қостөбе – VІ-ХІІ ғасырлардағы көне қала орны. Байзақ ауданындағы Сарыкемер ауылының шығыс жағында, Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан. Тарихи қалашық ЮНЕСКО-ның Мәдени мұралар тізіміне 2014 жылы енген.

Previous Next Қостөбе қалашығыҚостөбе – VІ-ХІІ ғасырлардағы көне қала

Подробнее »