25 сәуірде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қазақстандық қоғамдық даму институтында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ магистранттарымен ғылыми-танымдық кездесу өтті.

25 сәуірде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қазақстандық қоғамдық даму институтында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ магистранттарымен ғылыми-танымдық кездесу өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға «Бозоқ» ұлттық паркін құруға арналған тарихи-мәдени және сәулеттік жоба таныстырылды. Сонымен қатар, Қазақстан археология ғылымының негізін қалаушылардың бірі Кемал Ақышевтің ғылыми мұрасы мен «Бозоқ» ескерткішін зерттеудегі тарихи рөліне назар аударылды.
🔹Кездесу аясында ашық аспан астындағы музей тұжырымдамасының этнографиялық бағыты, дәстүрлі мәдениет пен атқа қатысты салт-жоралғыларды жаңғырту мәселелері талқыланды. Мұндай кездесулер ұлттық мәдени мұраны насихаттау, ғылыми білімді кеңейту және болашақ мамандардың кәсіби қызығушылығын арттыру бағытында маңызды алаң болып табылады.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты