Алматы қаласында 2026 жылғы 9–10 сәуір күндері ЮНЕСКО аясындағы 2025–2026 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына сәйкес материалдық емес мәдени мұраны сақтау және дамыту мәселелеріне арналған ұлттық дөңгелек үстел өтті

Алматы қаласында 2026 жылғы 9–10 сәуір күндері ЮНЕСКО аясындағы 2025–2026 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына сәйкес материалдық емес мәдени мұраны сақтау және дамыту мәселелеріне арналған ұлттық дөңгелек үстел өтті.
🔹Аталған маңызды жиын Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрағалығымен ұйымдастырылып, оған ЮНЕСКО хатшылығы мен өңірлік бюро өкілдері, сондай-ақ отандық сарапшылар қатысты.
🔹 Сонымен қатар, шараға Зубайда Сураганова – Мемлекет және құқық институтының ғылыми қызметкері, “Бозоқ”музей-қорықтың бас ғылыми қызметкері Сәуле Бурбаева бірге көптеген жылдар бойы мәдени мұраны сақтау және ілгерілету бағытында қалыптастырған тәжірибелерін ұсынып баяндама жасады.
🔹”Бозоқ” музей-қорығында соңғы 7 жыл ішінде музей-қорық ұжымы ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Атап айтқанда, «Қымызмұрындық», «Шолпы тағу», «Сірге жияр» сынды дәстүрлі этнографиялық іс-шараларды ұйымдастырып, олардың кеңінен насихатталуына және қоғамда қайта жаңғыруына үлкен үлес қосып келеді.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

Елімізде ауқымды саяси және конституциялық жаңғырудың жаңа кезеңі басталып отыр. Жаңа Конституция қабылданып, бірінші Құрылтайдың құрамы сайланды. Ендігі негізгі міндет жүргізіліп жатқан реформалардың нақты нәтижеге жұмыс істеп, еліміздің дамуына ықпал етуі.

Елімізде ауқымды саяси және конституциялық жаңғырудың жаңа кезеңі басталып

Подробнее »

Қостөбе – VІ-ХІІ ғасырлардағы көне қала орны. Байзақ ауданындағы Сарыкемер ауылының шығыс жағында, Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан. Тарихи қалашық ЮНЕСКО-ның Мәдени мұралар тізіміне 2014 жылы енген.

Previous Next Қостөбе қалашығыҚостөбе – VІ-ХІІ ғасырлардағы көне қала

Подробнее »