Құрметті оқырмандар! Бүгін назарларыңызға музей қорынан ерекше тарихи жәдігерді ұсынамыз.

Бұл ескерткіш — адам бейнесін стилизацияланған түрде сомдаған монументалды тас мүсін. Басы трапеция пішіндес, алдыңғы бетінде жүрек тәрізді контурмен берілген бет әлпетінің сызықтары ойылып түсірілген. Жоғарғы бөлігінде қастың сұлбасы айқын байқалады, төменгі жағы сүйірленіп келген иекпен аяқталады. Бет әлпеті ірі, сопақша, бет сүйектері шығыңқы, көздері кішкентай, аузы ашық күйде бейнеленген. Қолдары ұзын әрі дене бойымен төмен қарай бағытталған. Қолдарының төменгі бөлігі іш деңгейінде түйісіп, екі қолымен ыдысты ұстап тұр. Бұл түркі дәуіріне тән мемориалдық мүсіндерге ортақ иконографиялық белгі. Мұндай композиция — қайтыс болған тұлғаның рухына тағзым ету, еске алу және құрбандық рәсімдерімен байланысты көне идеологиялық символизмнің көрінісі.

Previous
Next

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

Қайырлы күн, қадірлі көпшілік! «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Ежелгі Бозоқ қалашығы және қазіргі Астана» атты республикалық қашықтықтан эссе интернет-байқауын өткізеді. Қатысыңыздар, қапы қалмаңыздар! Байқау ережелері төменде көрсетілген.

«Ежелгі Бозоқ қалашығы және қазіргі Астана» атты Республика күніне

Подробнее »

Елімізде ауқымды саяси және конституциялық жаңғырудың жаңа кезеңі басталып отыр. Жаңа Конституция қабылданып, бірінші Құрылтайдың құрамы сайланды. Ендігі негізгі міндет жүргізіліп жатқан реформалардың нақты нәтижеге жұмыс істеп, еліміздің дамуына ықпал етуі.

Елімізде ауқымды саяси және конституциялық жаңғырудың жаңа кезеңі басталып

Подробнее »