ҚР Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың «Тәуелсіздік - ең қымбат қазына» мақаласы

ҚР Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың «Тәуелсіздік - ең қымбат қазына» мақаласы - әрқайсымыздың жүрегіміздің түкпірінде іздеген сұрақтарға жауап тапты. Музей ғылыми қызметкерлері үшін еліміздің тарихи - мәдени мұрасын зерттеу мен сақтауда, әрі қарай ғылыми-зерттеу жұмысында белгілі бір бағдар болып табылатыны анық. Президенттің мақаласында болашаққа арналған міндеттер нақты белгіленген, еліміздің 30 жыл ішіндегі дамуының қорытындылары шығарылғандығын аңғарамыз. Қазіргі ауыспалы әлемде біздің әрқайсымыз үшін ең қымбат, ата-бабаларымыз ұзақ жылдар бойы сақтап келе жатқан еліміздің тәуелсіздігі. Қазіргі Қазақстанның басты байлығы - оның ата-бабаларынан мұраға қалған қасиетті жері" - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы мақаласында. Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының арғы атасы болатын көне Бозоқ қалашығының археологиялық қазба жұмыстары негізінде ашық аспан астындағы ұлттық парк құру жобасы ежелгі және орта ғасырлардағы еліміздің бай тарихи - мәдени мұраларын сақтауда өзінің лайықты үлесін қосары анық. Бүгінде жоба ғылыми қауымдастық өкілдерін, дизайнерлерді, суретшілерді, сәулетшілерді біріктірді. Мемлекет басшысының Тәуелсіздік кезеңінде отандық тарих ғылымы жаңа серпінмен дамып келеді деген пікірімен толақтай келісемін. Археологтар дала өркениетінің бұрын белгісіз қоныстары, қалашықтары, археологиялық қазыналарын тапты . Осы жобада жұмыс істей отырып, ғылыми зерттеулерді жүйелендіре отырып, біз атқа міну мәдениетінің әлемдік мәдениетке қосқан орасан зор үлесіне отанымыздың бай мәдени мұрасыда бар екеніне көз жеткіземіз. Қазіргі жастар визуалды болып келеді. Ашық аспан астындағы "Бозоқ" музей-қорығы энеолит дәуірінен бастап орта ғасырларға дейінгі әртүрлі тарихи кезеңдерге ену мүмкіндігімен қызықты болары сөзсіз. Келушілерге тұрғын үйлердің даму эволюциясын, халық қолөнерінің , қыш және металлургия өндірісінің, ғибадатхана мен сарай кешендерінің дамуын көруге көмектеседі. Президент мақалада патриотизм шығармашылық күшке ие болуы керек деп баса айтқаны өте дұрыс!

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» «Елорда тарихындағы ежелгі Бозоқ қалашығы» атты республикалық қашықтықтан эссе интернет-байқауын жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізеді.

Подробнее »

Бүгін «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Қосшы қаласы IT мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Садуақасов Аманкелді Жұмағалиұлы мен шәкірті Гулямов Әлішер «Менің шағын Отаным» байқауына дайындық аясында түсірілім жұмыстарын жүргізді.

Подробнее »