Елімізде ауқымды саяси және конституциялық жаңғырудың жаңа кезеңі басталып отыр. Жаңа Конституция қабылданып, бірінші Құрылтайдың құрамы сайланды. Ендігі негізгі міндет жүргізіліп жатқан реформалардың нақты нәтижеге жұмыс істеп, еліміздің дамуына ықпал ету.
Осы және басқа да өзекті мәселелер туралы ҚР Премьер-Министрдің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның «Казахстанская правда» газетінде мазмұнды сұхбаты жарияланды. Сұхбат барысында еліміздің мәдениет пен тарихи мұраны жаңғырту, креативті индустрияларды дамыту, «Қазақфильмнің» жаңа кезеңі, діни және ақпараттық саясат, жастар мен отбасы мәселелері, білім мен ғылымның сапасы, балалардың қауіпсіздігі, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту, көші-қон, спорт және туризм тақырыптары жан-жақты қамтылған.
Көлемді сұхбатта Аида Ғалымқызы балалардың қауіпсіздігі, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту, спорт пен туризм мәселелерінің барлығын тоғыстыратын арна — адамға бағытталған мемлекеттік саясат екенін баса айтады. Сондықтан жаңа саяси кезеңнің басты міндеті — мемлекеттік реформаларды азаматтардың күнделікті өмірінде көрінетін нақты нәтижеге айналдыру дейді министр. Сұхбатта мемлекеттік игіліктерді адам өмірін жақсарту үшін жұмылдыруға үндеген маңызды пікірлер шоғырланған.
«Ақылды адам өзгелерге мүмкіндік беруші» деп Уинстон Черчилл айтқандай, расында, келелі іске ұмтылушы мемлекет адамдардарына барлық жағынан мүмкіндік беру — дамудың кепілі болса керек. Осы тұрғыдан алғанда жоғарыдағы сұхбаттың бәсі биік, мағынасы терең.
#Мәдениет және ақпарат министрлігі
#Мазмұнды сұхбат



