Қостөбе – VІ-ХІІ ғасырлардағы көне қала орны. Байзақ ауданындағы Сарыкемер ауылының шығыс жағында, Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан. Тарихи қалашық ЮНЕСКО-ның Мәдени мұралар тізіміне 2014 жылы енген.

Қостөбе қалашығы
Қостөбе – VІ-ХІІ ғасырлардағы көне қала орны. Байзақ ауданындағы Сарыкемер ауылының шығыс жағында, Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан. Тарихи қалашық ЮНЕСКО-ның Мәдени мұралар тізіміне 2014 жылы енген.
Көне қаланы алғаш белгілі ғалым А.Н. Бернштам 1938 жылы зерттеген. 1985-1987 жылдары К.М. Байпақов бастаған Қазақ КСР ҒА Тарих, археология және этнография институтының Тараз археологиялық экспедициясы аталған көне қалада қазба жұмыстарын жүргізді. Кезінде кең шаһар биік қабырғалармен айнала қоршалып тұрған деседі. Сақталып қалған қабырғалар биіктігі 3 м-ге дейін жетеді. Қала бұрыштарындағы мұнаралар ұзындығы 16-18 м жоғары. Осынау тарихы терең өрнекті қаланың төрт қақпасының орны табылған. Қазіргі кезде қақпалардың қабырғалардан ажырап қалған бөліктері ғана сақталып тұр.
Қостөбе қалашығы – туристердің қызығушылығын туыдыратын бірден-бір орын. Болашақта жаңаша жұмыстар жасалып, бірегей орынды келер ұрпақ етене тани түсері сөзсіз.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

Елімізде ауқымды саяси және конституциялық жаңғырудың жаңа кезеңі басталып отыр. Жаңа Конституция қабылданып, бірінші Құрылтайдың құрамы сайланды. Ендігі негізгі міндет жүргізіліп жатқан реформалардың нақты нәтижеге жұмыс істеп, еліміздің дамуына ықпал етуі.

Елімізде ауқымды саяси және конституциялық жаңғырудың жаңа кезеңі басталып

Подробнее »