Қазақ әдебиеті мен руханиятының көрнекті өкілі, ақын, публицист, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың 90 жылдық мерейтойы — ұлттық мәдениет пен ғылым үшін маңызды тарихи белес.
Олжас Омарұлының шығармашылығы қазақ поэзиясына жаңа серпін әкеліп, ұлттық ой-сана мен тарихи танымның дамуына зор ықпал етті. Ақынның терең философиялық мазмұнға құрылған өлеңдері мен публицистикалық еңбектері адамзаттық құндылықтарды, ұлттық рух пен тарихи жадыны дәріптейді.
Қаламгердің әлемге кеңінен танылған «Аз и Я» еңбегі түркі халықтарының тарихы мен тілдік мұрасын ғылыми тұрғыдан зерделеп, тарихи деректерге жаңаша көзқарас қалыптастырған маңызды зерттеу ретінде бағаланады. Бұл еңбек тек әдеби немесе ғылыми туынды ғана емес, ұлттық сананың жаңғыруына ықпал еткен іргелі шығарма болды.
Сонымен қатар, Олжас Сүлейменовтың қоғамдық қызметі мен ядролық қарусыздану жолындағы бастамалары халықаралық деңгейде жоғары бағаланып келеді. Оның «Невада — Семей» антиядролық қозғалысын құруы адамзат қауіпсіздігі мен бейбітшілік жолындағы маңызды тарихи қадамдардың бірі ретінде тарихта қалды.Ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның бай мұрасы — келешек ұрпақ үшін құнды қазына.