«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Тарих ғылымы және музей тәжірибесі: сын-тегіндер мен болашақ мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында
«Тарих ғылымы және музей тәжірибесі: сын-тегіндер мен болашақ мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
🔹Іс-шараға жетекші ғалымдар, музей мамандары және елордалық тарих пәнінің мұғалімдері қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
🔹Кездесу барысында музей-қорық директоры Жандос Бекділдәұлы 2026 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен мәдениет пен ғылымға қосқан үлесті ынталандыру мақсатында жаңа мемлекеттік наградалардың енгізілгенін атап өтті. Атап айтқанда, «Қожа Ахмет Ясауи» және «Әл-Фараби» ордендері жас ғалымдардың ынтасын арттыруға ықпал ететінін жеткізді.
🔹Тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяған тарихи ғылымның қазіргі даму бағыттары мен қоғам сұранысына сай жаңаша көзқарастың маңызын атап өтті.
🔹Ал музей-қорықтың бас ғылыми қызметкері Зубайда Қабиқызы музей кеңістігінде материалдық емес мәдени мұраны жаңғырту, дәстүр мен құндылықтарды заманауи форматта насихаттаудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар 2019 жылдан бері музей-қорықта дәстүрлі «Қымызмұрындық», «Сірге жияр» мерекелері мен «Ашамай» салтын ғылыми негізде насихаттау тәжірибесі туралы баяндады. Қатысушылар ғылым, музей және білім беру салаларының байланысын нығайту жолдарын талқылады.
🔹Іс-шараға қатысқан Астана қаласының педагогтарына, сондай-ақ Целиноград ауданы, Қараөткел ауылы IT мектеп-лицейінің мұғалімен оқушыларына алғыс білдіреміз!

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

Елімізде ауқымды саяси және конституциялық жаңғырудың жаңа кезеңі басталып отыр. Жаңа Конституция қабылданып, бірінші Құрылтайдың құрамы сайланды. Ендігі негізгі міндет жүргізіліп жатқан реформалардың нақты нәтижеге жұмыс істеп, еліміздің дамуына ықпал етуі.

Елімізде ауқымды саяси және конституциялық жаңғырудың жаңа кезеңі басталып

Подробнее »

Қостөбе – VІ-ХІІ ғасырлардағы көне қала орны. Байзақ ауданындағы Сарыкемер ауылының шығыс жағында, Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан. Тарихи қалашық ЮНЕСКО-ның Мәдени мұралар тізіміне 2014 жылы енген.

Previous Next Қостөбе қалашығыҚостөбе – VІ-ХІІ ғасырлардағы көне қала

Подробнее »