Бүгін Бозоқ музей-қорығында Наурызнаманың 10 күндігі аясында Шаңырақ күніне орай «Отбасылық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның қонағы – қазақ жазушысы, журналист, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Шәрбану Қонақбайқызы Бейсенова болды. Кездесу барысында қаламгер отбасы тәрбиесі, ұлттық құндылықтар мен ұрпақ сабақтастығы туралы ой бөлісіп, өз тәжірибесінен мысалдар келтірді. Сонымен қатар «Бозоқ аруы» кітабының жазылу тарихы мен оның мазмұны туралы айтып, шығарманың негізгі идеясына тоқталды. Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Геральдикалық зерттеу орталығының ғылыми қызметкерлері мен Астана қаласының мұғалімдері қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтар қойып, мазмұнды пікір алмасу өтті.

Previous
Next

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

Қайырлы күн, қадірлі көпшілік! «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Ежелгі Бозоқ қалашығы және қазіргі Астана» атты республикалық қашықтықтан эссе интернет-байқауын өткізеді. Қатысыңыздар, қапы қалмаңыздар! Байқау ережелері төменде көрсетілген.

«Ежелгі Бозоқ қалашығы және қазіргі Астана» атты Республика күніне

Подробнее »

Елімізде ауқымды саяси және конституциялық жаңғырудың жаңа кезеңі басталып отыр. Жаңа Конституция қабылданып, бірінші Құрылтайдың құрамы сайланды. Ендігі негізгі міндет жүргізіліп жатқан реформалардың нақты нәтижеге жұмыс істеп, еліміздің дамуына ықпал етуі.

Елімізде ауқымды саяси және конституциялық жаңғырудың жаңа кезеңі басталып

Подробнее »

Қостөбе – VІ-ХІІ ғасырлардағы көне қала орны. Байзақ ауданындағы Сарыкемер ауылының шығыс жағында, Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан. Тарихи қалашық ЮНЕСКО-ның Мәдени мұралар тізіміне 2014 жылы енген.

Previous Next Қостөбе қалашығыҚостөбе – VІ-ХІІ ғасырлардағы көне қала

Подробнее »