Бүгін Бозоқ музей-қорығында Наурызнаманың 10 күндігі аясында Шаңырақ күніне орай «Отбасылық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның қонағы – қазақ жазушысы, журналист, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Шәрбану Қонақбайқызы Бейсенова болды. Кездесу барысында қаламгер отбасы тәрбиесі, ұлттық құндылықтар мен ұрпақ сабақтастығы туралы ой бөлісіп, өз тәжірибесінен мысалдар келтірді. Сонымен қатар «Бозоқ аруы» кітабының жазылу тарихы мен оның мазмұны туралы айтып, шығарманың негізгі […]