2025 жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «БОЗОҚ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Астана қаласындағы білім беру мекемелерінің педагогтарымен кездесу ұйымдастырды.

Іс-шара музей жанындағы «МИРАС» жастар клубының ашылуына орай өткізілді.

Қазіргі таңда мектеп оқушылары, колледж бен жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ шағын және орта бизнес пен қоғамдық ұйымдарда еңбек ететін жастар — Қазақстанның орнықты дамуына үлес қоса алатын белсенді азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі болып табылады. Жаһандану жағдайында мәдени шекаралар жойылып жатқан заманда тарихи-мәдени мұраны сақтау және дәріптеу мәселесі стратегиялық маңызға ие. Жастар – өткен мен болашақты байланыстыратын медиатор ғана емес, сонымен қатар дәстүрлер мен тарихи жадымызды сақтап қана қоймай, оларды қазіргі заман шындығына бейімдей алатын әлеуетке ие күш.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИ САЯСАТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНА сәйкес, жастар мәдениетін дамыту, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау, сондай-ақ тарихи-мәдени білім беру жүйесін нығайту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі қоғамда шетелдік құндылықтарға бағдарлану үдерісі мәдени бірегейлікті әлсіретіп, ұлттық құндылықтар жүйесінің тұрақтылығына кері әсерін тигізуде. Осындай жағдайда музей жанынан құрылған жастар клубтары, оның ішінде «Мирас» клубы – жастарды мәдени кодты меңгеруге және сақтауға тартудың тиімді құралы ретінде қарастырылады

«БОЗОҚ» АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ПАРКІ – тарихи-мәдени реконструкцияның бірегей нысаны. Ол тек қорғауды ғана емес, сонымен қатар белсенді түрде насихаттауды қажет етеді. Қазіргі таңда Қазақстанда 12 МУЗЕЙ-ҚОРЫҚ жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, тарихи-мәдени мұраны сақтау, қалпына келтіру және қайта жаңғыртуға бағытталған бастамаларға жүйелі түрде қолдау көрсетіп келеді. АСТАНА – білім мен инновацияның, ғылыми диалогтың орталығы ретінде ғылым, мәдениет және білімнің тиімді өзара әрекеттесуінің үлгісіне айналуда. АСТАНАЛЫҚ МЕКТЕПТЕРДІҢ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ мен колледж студенттері ғылыми-зерттеу, экскурсиялық, волонтерлік және танымдық қызмет түрлеріне қатысуға әлеуетті. Жастар археологиялық қазба жұмыстарына, этнологиялық реконструкцияларға қатысып, тарихи тақырыптарда пікірталастар ұйымдастырып, сонымен қатар тарихи-мәдени мұра туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде ағылшын, француз, қытай, неміс тілдерінде тарата алады. Астанада 100-ден астам мектеп бар екенін ескерсек, бұл жоба жас ұрпақтың қатысуымен тарихи-мәдени мұраны сақтау мен насихаттауға бағытталған тұрақты жастар қауымдастығын құруды көздейді. Бұған дейін «БОЗОҚ» және «БЫТЫҒАЙ» қалашықтарында жүргізілген археологиялық зерттеулер аясында тарих ғылымдарының кандидаттары мен PhD докторлар — З.К. СҰРАҒАНОВА, А.С. ҒАНИЕВА және С.К. САКЕНОВ қатысқан екі жоба жүзеге асырылды. Ауқымды тарихи-мәдени жоба — «Бозоқ» көптеген танымал ғалымдардың еңбегімен іске асырылды. Олардың қатарында: З.С. САМАШЕВ, Қ.С. АХМЕТЖАН, В.Ф. ЗАЙБЕРТ, Ж.Қ. ҚҰРМАНҚҰЛОВ, М.Қ. ХАБДУЛЛИНА, Ж.О. АРТЫҚБАЕВ, А.Г. БҮРКІТБАЙ бар. Олар тек ғылыми емес, сонымен қатар ағартушылық бағытта да зор үлес қосты. Бұл бастамалардың эстафетасын қазіргі заманның зерттеушілері мен музей қызметкерлері жалғастыруда. Жастар клубын құру идеясы музейдің жас қызметкерлері — С.М. СЫДЫҒАЛИЕВ пен Г.Т. КУАНДЫКОВАҒА тиесілі. Бұл бастама музей директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Сәуле Бурбаеваның қолдауымен іске асты. Клуб жұмысы археологиялық мұраны жастар ортасында өзектендіруге бағытталған ғылыми-ағартушылық, зерттеу және жобалық бастамаларды қамтиды.

Кездесу барысында Астана қаласындағы мектептердің мұғалімдері «Көне Бозоқ қалашығында жүргізілген археологиялық қазбалар негізінде ашық аспан астындағы Ұлттық парк құру» тарихи-мәдени жобасымен таныстырылды. Тараптар жастардың қатысуымен бірлескен мәдени-білім беру платформаларын ұйымдастырудың жолдарын, сондай-ақ «Мирас» клубының МАҚСАТТАРЫ мен МІНДЕТТЕРІН талқылады.

Музейдің бас ғылыми қызметкері АЙНАГҮЛ ҒАНИЕВА Бозоқтағы археологиялық зерттеулердің нәтижелері туралы баяндама жасап, К.А. АҚЫШЕВ пен М.Қ. ХАБДУЛЛИНАНЫҢ Сарыарқа далаларындағы ортағасырлық қалалық мәдениетті зерттеудегі еңбектерін атап өтті. Музей-қорықтың бас инспекторы ЖАНБОЛАТ ҚАЗАНБАЕВ жастар клубының миссиясын айқындап, жастарды тарихи-мәдени мұраны дәріптеуге тартудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ музей экспонаттарымен жұмыс істеу және музей ісінің негіздері бойынша ақпарат берді. Астана қаласы әкімдігінің «МЕТОДИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» «Тарих» пәні бойынша әдіскері ЖАНАР ТӨЛЕУҒАЗЫМҚЫЗЫ ТӨЛЕУҒАЗЫМОВА мұғалімдерге нақты тапсырма берді — «БОЗОҚ» материалдарын пайдалана отырып, тақырыптық сабақтар өткізу және мектептегі «МИРАС» клубтарының құрамын бекіту.

«Бозоқ» музей-қорығы қазіргі жастарды ұлттық мәдени мұраны насихаттаудағы маңызды буын ретінде қарастырады және археология, этнология мен елдің тарихи жадына тұрақты қызығушылықты қалыптастыруға арналған платформа ұсынады. Жастар — бұл болашақ, ал сол болашақтың бейнесін бүгінгі күн қалыптастырады. АЛҒА, ЖАСТАР!

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

Государственный историко-культурный музей-заповедник «Бозок» Министерства культуры и информации Республики Казахстан подводит итоги республиканского дистанционного конкурса, приуроченного ко Дню Республики, среди обучающихся организаций общего среднего, технического и профессионального образования 2025 года на тему: «Елорда тарихындағы Ежелгі Бозоқ қалашығы»

Подробнее »

2025 жылғы 12 қараша күні сағат 9:00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты және Жошы ұлысын зерттеу жөніндегі ғылыми-зерттеу институты бірлесіп «Жошы Ұлысы дәуірінің мұралары контексіндегі “Бозоқ”: музейлік кеңістіктегі репрезентация мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Подробнее »

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» «Елорда тарихындағы ежелгі Бозоқ қалашығы» атты республикалық қашықтықтан эссе интернет-байқауын жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізеді.

Подробнее »