Құрметті Сәуле Бөкейханқызы! ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы Сізді «Құрмет» ордені мемлекеттік наградаңызбен құттықтайды!

Сіздің білім және мәдениет саласындағы көпжылдық тәжірибеңіз инновациялық идеяларды ілгерілетуге үлкен үлес қосты. Белсенді өмірлік ұстаным әріптестер мен жастарға үлгі болып табылады.

Сіз «Бозоқ» ұлттық паркін құру жөніндегі ауқымды жобаны іске асыруға,еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерделеуге, сақтауға және танымал етуге зор үлес қосып келесіз.

Сізге зор денсаулық, шығармашылық ұзақ ғұмыр және ауқымды жоспарларды жүзеге асыруды тілейміз.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

2025 жылғы 12 қараша күні сағат 9:00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты және Жошы ұлысын зерттеу жөніндегі ғылыми-зерттеу институты бірлесіп «Жошы Ұлысы дәуірінің мұралары контексіндегі “Бозоқ”: музейлік кеңістіктегі репрезентация мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Подробнее »

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» «Елорда тарихындағы ежелгі Бозоқ қалашығы» атты республикалық қашықтықтан эссе интернет-байқауын жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізеді.

Подробнее »

Бүгін «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Қосшы қаласы IT мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Садуақасов Аманкелді Жұмағалиұлы мен шәкірті Гулямов Әлішер «Менің шағын Отаным» байқауына дайындық аясында түсірілім жұмыстарын жүргізді.

Подробнее »