Бүгін "Бозоқ" музей-қорығында ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевпен кездесу өтті. Кеңес жұмысына комитет төрағасы Роза Кәрібжанова да қатысты.

Кездесу барысында "Бозоқ "ұлттық паркін құру"жобасын іске асырудың басты аспектілері талқыланды. Музей-қорық директоры Сәуле Бурбаева "Бозоқ"жобасының кезеңдік кешенді жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстар туралы хабарлады. Жоба тобының жетекшісі Ринат Кутдусов отырыста қатысушыларды ортағасырлық стильдегі қоршау құрылысының жоспарымен, кіру порталымен таныстырды. Кеңесте сондай – ақ болашақ ұлттық парк нысандарының бірі - "Темірқазықтың" көркемдік көзқарасы бойынша ұсыныстар қаралды. Үкімет тарапынан тарихи-мәдени жобаларды қолдауы тарихи-мәдени мұраны сақтауға және танымал етуге ынталандыруға ықпал етеді. Ең бастысы, тарихи-мәдени мұраны сақтаумен қатар, елорданың мәдени-туристік кластеріне кіретін Бозоқ археологиялық ескерткішінің ребрендингін дамыту қажет.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» «Елорда тарихындағы ежелгі Бозоқ қалашығы» атты республикалық қашықтықтан эссе интернет-байқауын жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізеді.

Подробнее »

Бүгін «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Қосшы қаласы IT мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Садуақасов Аманкелді Жұмағалиұлы мен шәкірті Гулямов Әлішер «Менің шағын Отаным» байқауына дайындық аясында түсірілім жұмыстарын жүргізді.

Подробнее »