ҚР МСМ «Бозоқ»мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы білім беру ұйымдарымен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, мақсатты мәдени-білім беру жұмыстарын жүргізеді.

Бүгін тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау бөлімінің бас инспекторы Қажымұрат Төлегенұлы Нұр-Сұлтан қаласының А.Байтұрсынов атындағы № 48 мектеп-лицейінің 8 «Д» сыныбының «Әлем мәдениеті» тақырыбында ашық сабағына қатысып, «Бозоқ» көне қалашығының археологиялық ескерткіші және ашық аспан астындағы «Бозоқ» Ұлттық паркін құру жобасы туралы айтып берді.

Мұғалімі: Аренова Жамила Сабитовна.

Мәдениет және білім беру ұйымдарының өзара іс-қимылы балалардың өз елінің тарихи-мәдени мұрасына көбірек қызығушылық қалыптастыруға ықпал етеді.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

2025 жылғы 12 қараша күні сағат 9:00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты және Жошы ұлысын зерттеу жөніндегі ғылыми-зерттеу институты бірлесіп «Жошы Ұлысы дәуірінің мұралары контексіндегі “Бозоқ”: музейлік кеңістіктегі репрезентация мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Подробнее »

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» «Елорда тарихындағы ежелгі Бозоқ қалашығы» атты республикалық қашықтықтан эссе интернет-байқауын жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізеді.

Подробнее »

Бүгін «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Қосшы қаласы IT мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Садуақасов Аманкелді Жұмағалиұлы мен шәкірті Гулямов Әлішер «Менің шағын Отаным» байқауына дайындық аясында түсірілім жұмыстарын жүргізді.

Подробнее »