Бұл ескерткіш — адам бейнесін стилизацияланған түрде сомдаған монументалды тас мүсін. Басы трапеция пішіндес, алдыңғы бетінде жүрек тәрізді контурмен берілген бет әлпетінің сызықтары ойылып түсірілген. Жоғарғы бөлігінде қастың сұлбасы айқын байқалады, төменгі жағы сүйірленіп келген иекпен аяқталады. Бет әлпеті ірі, сопақша, бет сүйектері шығыңқы, көздері кішкентай, аузы ашық күйде бейнеленген. Қолдары ұзын әрі дене бойымен төмен қарай бағытталған. Қолдарының төменгі бөлігі іш деңгейінде түйісіп, екі қолымен ыдысты ұстап тұр. Бұл түркі дәуіріне тән мемориалдық мүсіндерге ортақ иконографиялық белгі. Мұндай композиция — қайтыс болған тұлғаның рухына тағзым ету, еске алу және құрбандық рәсімдерімен байланысты көне идеологиялық символизмнің көрінісі.
Previous
Next

