Абай – дана, Абай – хәкім. Ұлт руханитының көсемі, данышпан ақын есімі жыл сайын жадымызда жаңғырып келеді.

Абай – дана, Абай – хәкім. Ұлт руханитының көсемі, данышпан ақын есімі жыл сайын жадымызда жаңғырып келеді.

2026 жылғы 10 тамыз күні Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында «Абай әлемі – мәңгілік мұра» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция аясында қатысушылар назарына «Абай – тұтас бір әлем» атты кітап көрмесі, сондай-ақ «Бозоқ – Ұлы Дала өркениеті» атты «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының көрмесі ұсынылды.

Шараға профессор Шәкір Ибраев, ҚР ҰҒА академигі Шерубай Құрманбайұлы секілді бір қатар белгілі ғалымдар, сонымен бірге «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкерлері қатысты. Іс-шараның модераторы – ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Дүйсенбайұлы Әлтай қонақтарға сөз беріп, сүбелі пікірлер шоғыры айтылды. Конференцияны Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Күміс Қарсақбайқызы Сейітова ашып, Абай мұрасының ұлттық руханияттағы маңызына тоқталды.

Құттықтау сөз сөйлегендер қатарында «Абай» қорының төрағасы Ермек Айтқалиұлы Бейсембаев, Абай ұрпағы Ләйлә Баймағамбетқызы, сондай-ақ Қазақстандағы бірқатар шет мемлекеттердің Төтенше және Өкілетті Елшілері мен халықаралық ұйым өкілдері болды. Онлайн форматта Біріккен Араб Әмірліктері, Сербия және Қырғызстан елдерінен қатысушылар өз лебіздерін білдірді.

#Мәдениет және ақпарат министрлігі
#АбайКүні

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

Ұлан-ғайыр қазақ даласының әр қиыры қазыналы ескерткіштерге, мәдени нысандарға толы. Тарихы бай, мазмұны кенен өткеніміздің тағы бір дәлелі, ЮНЕСКО-ның құрамына енген екінші мұрамыз – Тамғалы петроглифтері.

Ұлан-ғайыр қазақ даласының әр қиыры қазыналы ескерткіштерге, мәдени нысандарға

Подробнее »