2025 жылдың 22 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «БОЗОҚ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері ЦЕЛИНОГРАД ауданы, АРАЙЛЫ ауылындағы ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН мектепте ұйымдастырылған "ТАРИХ АПТАЛЫҒЫ" аясында танымдық іс-шара өткізді.

2025 жылдың 11 сәуірде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің “БОЗОҚ” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері ЦЕЛИНОГРАД ауданы ҚАРАӨТКЕЛ ауылының IT МЕКТЕП- ЛИЦЕЙІНІҢ ұйымдастыруымен өткен аудандық конференцияға қатысты.

2025 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «БОЗОҚ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы "МӘДЕНИ МҰРАНЫ МУЗЕЙЛЕНДІРУ ТӘЖІРИБЕСІ: ДӘСТҮР, ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

2025 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Наурыз мейрамын мерекелеу тұжырымдамасы аясында және 2024 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына сәйкес «Бір шаңырақ – бір жүрек» атты кездесу өтті.

2025 жылғы 26 ақпанда «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК К.А. Ақышев, М. К. Хабдулина, Д. А. Гавриловтың кітаптарының тұсаукесеріне арналған «Хунну дәуірінен Бозокқа дейінгі түркі мәдениетінің урбанизацияланған кеңістіктері» атты Халықаралық ғылыми семинар өткізді.

2025 жылғы 28 қаңтарда «Бозоқ» Мемлекеттік тарихи-мәдени музей- қорығы алаңында қазақтың әйгілі жазушысы Ілияс Есенберлиннің 110 жылдық мерейтойына арналған республикалық дөңгелек үстел өтті. «Ілияс Есенберлиннің шығармаларындағы тарихи мұра» атты іс-шарада жазушының «Көшпенділер» және «Алтын Орда» сияқты көрнекті шығармалары талқыланды.

2024 жылғы 5 шілдеде ҚР МАМ МК "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы археологиялық ескерткішті және жалпыұлттық маңызы бар қасиетті нысанды – Бозоқ қалашығын дәріптеу мақсатында "Ғасырлар шежіресі: Бозоқтан Астанаға дейін"тақырыбында Қазақстан астанасы – Астана күніне арналған дөңгелек үстел өткізді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК көрнекті ғалым Кемел Ақышұлы Ақышевтың туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында 2024 жылдың 18 сәуірде «Еуразияның заманауи тарихи және тарихи-антропологиялық зерттеулері» II Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ІІ күннің сессиясын өткізді.

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының филиалымен бірлесіп «Бозоқ-білім аумағы» мәдени – білім беру платформасы аясында 2024 жылғы 11 сәуірде Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел кентіндегі мектеп-гимназиясында академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына және Ғылым күніне арналған көшпелі музей сабағын өткізді.

ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы 2021 жылдың 10 маусымында археологиялық ескерткіш пен жалпыұлттық маңызы бар киелі нысан – Бозоқ қалашығын дәріптеу мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ұлы көшпенділер жолымен» атты экспедициясының басталуы болып өтті.

2021 жылдың 28 мамырында ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің өзара іс-қимыл негізінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында өңірлік музейлер арасындағы телекөпір форматында онлайн режимінде «Нәубетті жылдар зобалаңы жадымызда» жобасы бастау алды.