Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Бозоқ» тарихи-мәдени жобасы аясындағы Ұлы даланың мұрасы» республикалық ғылыми-практикалық семинар.

РГКП «Государственный историко-культурный музей-заповедник «Бозок» МКС РК с целью реализации ключевых положений программных статей Елбасы «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» и «Семь граней Великой степи», а также Послания Президента Республики Казахстан К.-Ж. Токаева – к народу Казахстана (от 2 сентября 2019 года) «Конструктивный общественный диалог – основа стабильности и процветания Казахстана» 26 сентября 2019 года провел  Республиканский научно-практический семинар «Наследие Великой степи в рамках историко-культурного проекта «Бозок», посвященный 750-летию Золотой Орды.  

Семинарда қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы, Жошы ұлысы мұрасының Қазақ хандығын құрудағы тарихи сабақтастығы, халықаралық туризмді дамыту үшін Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтау және кеңінен насихаттау мәселелері талқыланды.

    Семинар жұмысына Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, ғылыми-зерттеу мекемелерінен ғалымдар, археологтар, тарихшылар, этнологтар, жоғары оқу орындарының (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ, Шәкәрім атындағы МУ, С.Торайғыров атындағы ПМУ, Х. Досмұхамедов атындағы АМУ, КГУ имени А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ), Нұр-Сұлтан қаласының колледждер мен орта білім беру мектептерінің оқытушылары, қоғам өкілдері қатысты.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Көшкімбаев Айболат Қайрсләмұлы Орта ғасыр Қазақстан тарихындағы Алтын Орда тақырыбында баяндама жасады.

Айболат Қайрсләмұлы өз сөзінде XIII–XV ғғ. Алтын Орда оның территориясында орналасқан немесе онымен әртүрлі қарым-қатынаста болған халықтар мен мемлекеттердің тарихында маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Алтын Орданың саяси географиясы қазіргі ТМД мемлекеттері, Ресей, Қазақстан, Украина, Молдова, Өзбекстан жерлерін қамтыған.

Сонымен қатар көршілес елдерде Алтын Ораданың тарихын зерттеуге көп назар бөлінген, алайда кезіндегі алпауыт мемлекет басшыларының жерленген жерлері бар Қазақстан территориясы зерттелмеген.

Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Абуев Қадыржан Қабиденұлы өз баяндамасында Ақмола облысының территориясында егжей-тегжей зерттеуті талап ететін шыңғызид дәуірінің ескерткіштері сақталғаның атап өтті.

Тәуелсіздік үшін күрестегі Шыңғысхан ұрпақтары туралы қызықты фактілерді ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Қашқымбаев Амангелді Нүркейұлы айтты.

Өз пікірлерін К.А. Ақышев атындағы ҒЗИ директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Хабдулина Марал Калымжанқызы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ақтаева Күляйша Қабдуалиқызы, PhD, профессор Михаил Педрацки (Польша) және Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеттің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Байсарина Қымбат Кабидолдина білдірді.

Ғалымдар Мемлекет басшысы Қ.-Ж. Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында атаған Алтын Орданың 750 жылдығын, Ұлы Абайдың 175 жылдығын, Әл Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеудің ерекше маңыздылығын атады. Бұндай мерейтойлық даталар жекелеген мәселелерді терең зерттеуге және тарих ғылымы мен ұлы тұлғалардың біздің халқымыздың дамуына қосқан үлесін насихаттауға мүмкіндік береді.

Ғалымдар орта ғасыр тарихы мен археология Қазақстан тарихнамасында ең аз зерттелген кезең екен айтты. Мамандар Жошы ұлысы дәуірін зерттеу жөніндегі институт құруды, жооларда осы мәселе бойынша жекелеген пәндер (арнайыкурстар) қосуды ұсынды. Сонымен қатар көптеген жаңа кітаптар басып шығарылуда, жаңа деректер ғылыми айналымға енгізілуде. Барлық осы шаралар мерейтойды дәріптеуге бағытталған және халқымыздың ортағасырлық тарихына қызығушылықты оятатының ғалымдар атап өтті.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin