«Бозоқ» археологиялық ескерткіші» тақырыбы бойынша далалық практикум.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» Мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында 2019 жылғы 24-26 қазанда «Қазақстанның қасиетті географиясы» республикалық жобасын іске асыру аясында «Бозоқ» археологиялық ескерткіші» тақырыбы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы «Қараөткел» тұрғын алабының солтүстігіне қарай орналасқан «Бозоқ» археологиялық ескерткіштің аумағында далалық практикум өткізді.

Практикум жұмысына белгілі ғалымдар, археологтар, этнологтар, Нұр-Сұлтан қаласының жоғары оқу орны мен колледждердің оқытушылары, студенттері және орта білім беру мектептерінің оқытушылары (ЕАГИ колледжі, №22 мектеп-гимназия, №36 орта мектебі, №69 мектеп – гимназия) қоғам өкілдері қатысты.

Практикум жұмысы барысында «Бозоқ» ескерткішінде жүргізген Есіл стационарлық архелогиялық экспециясының зерттеу қорытындылары талқыланды.

Дала практикумының қатысушыларын «Бозоқ» қалашығының реконструкциясы және Еуразиядағы дала өркениетінің даму тарихын энеолит дәуірінен этнографиялық қазіргі заманға дейін бейнелейтін 5 ірі археологиялық объектілердің хронологиялық тарихи кезеңдерін көрсететін тарихи-мәдени саябақ құру болып табылатын «Бозоқ» тарихи-мәдени, археологиялық жобасымен таныстырды.

Жобаны жүзеге асыру ежелгі және орта ғасырлардың шынайы ортасына - Атқа міну мәдениетінің қалыптасуы мен даму дәуіріне ену мүмкіндігімен «тірі» байланыс музейін ұйымдастыруды көздейді, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қатар танымдық, ойын-сауық, рекреациялық және спорттық-сауықтыру сипаттағы функциялар маңызды болады.исследовательской деятельностью важными станут функции познавательного, развлекательно-рекреационного и спортивно-оздоровительного характера.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin