Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК археологиялық ескерткішті және жалпыұлттық маңызы бар қасиетті объектіні танымал ету мақсатында – Бозоқ қалашығы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру шеңберінде дайындалған К.А. Ақышев, М. К. Хабдулина, Д. А. Гавриловтың кітаптарының тұсаукесеріне арналған «Хунну дәуірінен Бозокқа дейінгі түркі мәдениетінің урбанизацияланған кеңістіктері» атты Халықаралық ғылыми семинар өткізді.
Іргелі монографиялар Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге арналған, еліміздің ежелгі тарихын зерттеуге баға жетпес үлес қосатын терең археологиялық зерттеулердің нәтижесі болып табылады.
М. К. Хабдулина мен Д. А. Гаврилов дайындаған «Есіл өзені бойындағы Бозоқ қалашығы» атты алғашқы монография Орталық Азияның орта ғасырларындағы негізгі археологиялық ескерткіштердің бірі Бозоқ қалашығының маңызын ашады.
Еуразияның орталығында орналасқан Бозоқ Астананың тарихымен және Ұлы даладағы урбанистік дәстүрдің қалыптасуымен тығыз байланысты. Ескерткіштің зерттеулері көшпелі және отырықшы өркениеттер бір-бірімен араласып, Орталық Азияның өзіндік мәдениетін құрған дәуірдің қала дамуының, сауда және мәдени байланыстарын көрсетеді.
К.А. Ақышевтың «Хунну - үйсін Ақтас кешені» монографиясында Ақтас I қорымы мен ежелгі үйсін қоныстарының қазба материалдары ұсынылған. Зерттеулерді Жетісу археологиялық экспедициясы 1962-1964 жылдары Кеген өзенінің аңғарында, Кетментау тауларында жүргізді.
Монография Жетісудағы үйсін ескерткіштерін зерттеуге арналған. Үйсіндер Орталық Азиядағы ең ірі этносаяси құрылымдардың бірі болды. Олардың материалдық мәдениеті мен жерлеу кешендері аймақтың ежелгі халқының әлеуметтік құрылымы, экономикалық өмірі мен этногенезі туралы ақпарат береді.
Бұл ғылыми еңбектер біздің өткен туралы білімімізді тереңдетеді, Қазақстанның мәдени мұрасын сақтауға және насихаттауға ықпал етеді. Олар тек ғалымдарды ғана емес, сонымен бірге ел аумағында болған ежелгі өркениеттердің мұрасын түсінуге тырысатындардың барлығын қызықтырады.
Семинар жұмысына: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Жанар Рсбаевна Досаева, К. А. Ақышев атындағы Археология ғылыми-зерттеу институтының директоры, т.ғ.к. Марал Қалымжанқызы Хабдулина, тарих ғылымдарының докторы Зайнулла Самашүлы Самашев, К. Ақышев атындағы археология ҒЗИ аға оқытушысы Кошман Татьяна Васильевна, Астана Халықаралық университетінің,. А. К. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты және Еуразия Гуманитарлық Институтының Жоғары колледжі оқытушылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Онлайн режимде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрметті профессоры, РФ РҒА археология Институтының жетекші ғылыми қызметкері (Мәскеу қ.) Қызласов Игорь Леонидович, Қазақстандағы итальяндық археологиялық экспедицияның директоры, профессор Бонора Жан Лука (Италия), «Д. С. Лихачев атындағы Ресей мәдени және табиғи мұра ғылыми-зерттеу институты» ФМБУ Сібір филиалының жетекші ғылыми қызметкері (Омбы қ.) Золотова Татьяна Николаевна, РФ РҒА Археология институтының ғылыми хатшысы Свиридов Алексей Николаевич қатысты.
Іс-шараға көрсеткен көмегі мен техникалық қолдауы үшін Астана қаласының Достық үйінің қызметкерлеріне алғыс айтамыз!