16 наурыз Наурызнаманың үшінші күні- Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні.

ҚР МАМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған «Тұсаукесер» сәбидің алғашқы дербес қадамдарымен байланысты рәсімді көрсете отырып, «Әз-Наурыз мейрам толқыны жасампаздық бастауы, ырыс береке арқауы» этнографиялық мерекесін өткізді.

Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, сақтау және дәріптеу «Бозоқ» музей-қорығы жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. Түрлі форматтағы іс-шаралар, соның ішінде этнографиялық мерекелер дәстүрге айналды. Барлық түркі халықтарында өмірдегі басты мақсаттар – дені сау ұрпақты, әсіресе жас отбасын тәрбиелеу деп есептелген.

Қазақ халқының отбасымен, баланың туылуымен және тәрбиесімен байланысты дәстүрлері оның рухани мәдениеті мен дәстүрлі өмір салтында маңызды орындардың бірін алады. Олардың әлеуметтік-тарихи, мәдени-тұрмыстық, идеологиялық және тәрбиелік маңызы бар.

Біздің ата-бабаларымыз жермен байланысын бейнелейтін «Тұсаукесер» рәсімін өткізбесе, онда бала жиі сүрініп, сенімсіз болады, сондықтан олар бұл дәстүрді тезірек жүзеге асыруға тырысты. Этнографиялық мерекенің құрметті қонағы ҚР ҰҒА А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының түркі тілдері бойынша филология ғылымдарының кандидаты, Назарбаев университетінің профессоры Жазира Ағабекқызы Ағабекова болды. «Бозоқ» музей-қорығының директоры Бурбаева Сәуле Бөкейханқызы өзінің құттықтауында қазақтардың материалдық емес мәдени мұрасын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Жазира Ағабекқызы «Тұсаукесер» рәсімін өткізді.

Хамза Мақашұлы Аққұшқаров мерекенің барлық қатысушыларына «Бата» берді. Мереке барлық жиналған қонақтарға қуаныш пен амандық тілей отырып, шашумен және сыйлықтармен аяқталды.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК көрнекті ғалым Кемел Ақышұлы Ақышевтың туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында 2024 жылдың 18 сәуірде «Еуразияның заманауи тарихи және тарихи-антропологиялық зерттеулері» II Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ІІ күннің сессиясын өткізді.

Подробнее »

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының филиалымен бірлесіп «Бозоқ-білім аумағы» мәдени – білім беру платформасы аясында 2024 жылғы 11 сәуірде Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел кентіндегі мектеп-гимназиясында академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына және Ғылым күніне арналған көшпелі музей сабағын өткізді.

Подробнее »