Бүгін, 2023 жылғы 1 қыркүйекте ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын мұқият тыңдады. Жолдауда ел өмірінің түрлі салаларына қатысты ауқымды өзгерістер жарияланды.

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы-еліміздегі ең маңызды саяси оқиғалардың бірі.

Ел Президентінің өз халқына жолдаған әрбір жаңа үндеуі біздің мемлекетіміздің дамуының кезеңдік межесіне және стратегиялық маңызды құжатқа айналды. Жолдау Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында айтылған үндеудің жалғасы болды.

Біздің еліміздің әрбір азаматы уақытпен бірге жүруі керек. Осындай дағдарыс кезінде біздің халқымыз бірлік пен татулықты сақтауы тиіс.

Сөз соңында Мемлекет басшысы қазақстандықтарға «Әділ Қазақстанды құру үшін тек саяси және экономикалық реформалар жеткіліксіз. Біріншіден, қоғамдық сана мен азаматтардың ұмтылыстарын өзгерту қажет, онсыз қалған барлық жұмыс бекер болады....», дәл осы жерде Абайдың «Мінсіз адам туралы ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасының терең мәні жатыр», - деп атап өтті Президент. Жолдауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру және инновацияларды енгізу мәселелеріне баса назар аударатынын атап өтті.

Біз елімізде жүргізіліп жатқан барлық креативті идеялар мен реформаларды қолдаймыз және «Бозоқ» жобасын іске асыру кезінде, ғылыми зерттеулер жүргізу мен оларды практикада қолдану кезінде мемлекеттің қолдауына үміттенеміз.

Президенттің Жолдауы барлығымыз үшін және жалпы еліміз үшін жаһандық сын-қатерлерді еңсерудің жаңа жолдары мен мүмкіндіктерін айқындайды. Президент белгілеген ел дамуының барлық басым міндеттері табысты іске асырылатынына күмәніміз жоқ!

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК көрнекті ғалым Кемел Ақышұлы Ақышевтың туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында 2024 жылдың 18 сәуірде «Еуразияның заманауи тарихи және тарихи-антропологиялық зерттеулері» II Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ІІ күннің сессиясын өткізді.

Подробнее »

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының филиалымен бірлесіп «Бозоқ-білім аумағы» мәдени – білім беру платформасы аясында 2024 жылғы 11 сәуірде Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел кентіндегі мектеп-гимназиясында академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына және Ғылым күніне арналған көшпелі музей сабағын өткізді.

Подробнее »