2023 жылдың 15 қыркүйегінде ҚР МАМ "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында "Мемлекеттік музей" РМҚК, филиалымен, ҚР МАМ Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының Мәдениетті жақындастыру орталығының ұйымдастыруымен "Майнд-білім берудің маңыздылығы мен қажеттілігі" тақырыбында дәріс өтті.

Дәріскер-Кореядан Jоung Hoitae Халықаралық интеллектті дамыту білім беру орталығының (IMEI) профессоры.

Орталық дұрыс пайымдау мен ойлау негізінде өмірлік проблемаларды шешу жолдарын үйретеді, сондай-ақ қоғамның проблемаларын шеше алатын жеке тұлға мен мамандарды тәрбиелеуді мақсат етеді.

Joung Hoitae өмірден және шағын бейнефильмнен әртүрлі мысалдар келтіре отырып, қиын жағдайларда адамға көмектесетін өзін-өзі бақылау дағдыларын қалай дамыту керектігін айтты.

Дәрісті ұйымдастырған ҚР МАМ Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының Мәдениеттерді жақындастыру орталығына алғысымызды білдіреміз.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК көрнекті ғалым Кемел Ақышұлы Ақышевтың туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында 2024 жылдың 18 сәуірде «Еуразияның заманауи тарихи және тарихи-антропологиялық зерттеулері» II Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ІІ күннің сессиясын өткізді.

Подробнее »

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының филиалымен бірлесіп «Бозоқ-білім аумағы» мәдени – білім беру платформасы аясында 2024 жылғы 11 сәуірде Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел кентіндегі мектеп-гимназиясында академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына және Ғылым күніне арналған көшпелі музей сабағын өткізді.

Подробнее »