Бүгін 31 тамызда ҚР МСМ МК "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы халықаралық ынтымақтастық аясында Йозгат (Түркия) провинциясының "Бозоқ" университетінің ғалымдары Мехмет Кутлу, PhD докторы Лейла Кутлумен кездесу өткізді.

Bozok University-Түркиядағы мемлекеттік жоғары оқу орны. Бозоқ Университеті өз тарихын 2006 жылдан бастайды. Оқу орны Түркияның шағын қаласы-Йозгатта орналасқан.

Университетте 9 факультет, 3 институт және 8 жоғары кәсіптік мектеп бар. Университетте кітапхана, сабаққа арналған кабинеттер, интернет, футбол – баскетбол спорт алаңы 7/24 сағат интернет (Wi-Fi), зертхана, демалыс бөлмелері бар.

Университет балқан университеттерінің желісіне кіреді (Албания, Босния және Герцеговина, Болгария, Греция, Косово, Хорватия, Румыния, Сербия, Словения, Түркия, Македония, Молдова, Черногория).

Бурбаева Сәуле Бөкейханқызы Түркиядан келген қонақтарды Бозоқ тарихи-мәдени жобасымен таныстырды.

Мехмет Кутлу мен Лейла Кутлу Бозоқ университеті туралы, түрік тіліндегі "бозоқ" терминінің мағынасы туралы айтып, бірлескен жұмыс жоспарларымен бөлісті.

"Бозоқ" музей-қорығының директоры Бурбаева Сәуле Бөкейханқызы және Мехмет Кутлу Bozok University атынан Түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және насихаттау мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

"Бозоқ” музей -қорығы мен Bozok University ынтымақтастығындағы ерекше басымдық Тараптар үшін өзекті, өзара қызығушылық тудыратын ғылыми және мәдени-білім беру бағыты бар жобалар болады.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» «Елорда тарихындағы ежелгі Бозоқ қалашығы» атты республикалық қашықтықтан эссе интернет-байқауын жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізеді.

Подробнее »

Бүгін «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Қосшы қаласы IT мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Садуақасов Аманкелді Жұмағалиұлы мен шәкірті Гулямов Әлішер «Менің шағын Отаным» байқауына дайындық аясында түсірілім жұмыстарын жүргізді.

Подробнее »