«Абыз дала, қобыз дала – Сарыарқа» деп жырлаған еліміздің орталық өңірі мәдени ескерткіштерге бай, асты-үсті қазынаға толы бірегей мекен. Сарыарқа – Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері – Қазақстан, әрі Орта Азиядағы Әлемдік мұра тізіміне бірінші болып енген табиғи нысан. Бұл тарихи шешім 2008 жылдың 7 шілдесіне Квебекте (Канада) өткен ЮНЕСКО комитетінің 32-сессиясында қабылданған болатын. Нысан Қазақстанның далалық аймағында орналасқан жалпы ауданы 450 344 га. құрайтын екі қорықтан тұрады. Бірі – Қорғалжын қорығы, бірі – Наурызым қорығы. Нысан тұщы және ащы сулы екі өзендер тобын қамтып, солтүстіктегі Арктикаға және оңтүстіктегі Арал-Ертіс бассейніне құятын өзендердің суайырығы болып табылады. Сонымен қатар, жыл сайын Африка, Үндістан және Оңтүстік Еуропадан Батыс, Шығыс Сібірде орналасқан ұя салу орындарына миграциялайтын миллиондаған жыл құстары үшін маңызды аялдау жері болып саналады. Наурызым қорығына жүздеген мың арктика қаздары, үйректері, тырналары көктем мен күзде ұшып келеді. Олардың арасында жойылып бара жатқан түрлері де кездеседі. Сол себептен орнитолог, танымал AVIARY орнитологиялық орталығының директоры Тодд Катцнер Наурызымдағы жыртқыш құстарды зерттегенде, әлемдегі ең көп жыртқыш құстардың тығыздығы осында екенін айтқан еді. Шамамен, бұл өлкеде қазіргі күні бүркіттердің 30 жұбы мекен етеді. Осындай артықша жерімізді жарнамалап, жаһанға дұрыстап таныстырсақ, Швецарияның табиғатынан кем емес жазиралы даламыз туризмнің дамыған ортасына айналып, ел экономикасына орасан зор пайда әкелері даусыз. #Мәдениет және ақпарат мин.истрлігі #ЮНЕСКО







