Корея Республикасының Пусан қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік мұралар комитетінің 48-ші сессиясынан еліміз үшін маңызды хабар жетті.

Корея Республикасының Пусан қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік мұралар комитетінің 48-ші сессиясынан еліміз үшін маңызды хабар жетті. Маңғыстаудың жартасты мешіттері (Бекет ата, Шопан ата, Қараман ата, Шақпақ ата, Сұлтан Үпі) ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізіліп отыр. Бұл туралы ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин хабарлады.
Ерлан Қариннің айтуынша, Мемлекет басшысы 2024 жылы Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен үшінші отырысында Маңғыстаудың жартасты мешіттерін ЮНЕСКО мұралары тізіміне қосу жұмыстарын бастауды тапсырған. ЮНЕСКО тізімінен лайықты орын алу – біз үшін зор мақтаныш, жоғарғы мәртебе. Әрі бұл – үлкен жауапкершілік жүктейтін тарихи жетістік.
–Маңғыстаудың жартасты мешіттері тек құлшылық жасайтын мекен ғана емес, өз заманында білім мен ағартудың өзіндік орталықтары болды. Бұл жартастарда халқымыздың тарихи жады, ата-бабаларымыздың аманаты сақталған. Осылайша, ЮНЕСКО аталған нысандарды көпғасырлық рухани, мәдени, архитектуралық дәстүрлердің озық үлгісі ретінде мойындады», – деген Е. Тынымбайұлы өз жазбасында.
Еліміздің еңсесін көтерген елеулі жаңалық тарихи-археологиялық жұмыстарға, музей саласына да жаңа қарқын қосары анық. Ендеше, құндылықтарымыздың әлем алдында ұлықталған күні құтты болсын, Қазақ елі!
#Мәдениет және ақпарат министрлігі
#ЮНЕСКО мұралар тізімі

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

Ұлан-ғайыр қазақ даласының әр қиыры қазыналы ескерткіштерге, мәдени нысандарға толы. Тарихы бай, мазмұны кенен өткеніміздің тағы бір дәлелі, ЮНЕСКО-ның құрамына енген екінші мұрамыз – Тамғалы петроглифтері.

Ұлан-ғайыр қазақ даласының әр қиыры қазыналы ескерткіштерге, мәдени нысандарға

Подробнее »