14 наурыз – қазақ халқының ежелден келе жатқан игі дәстүрлерінің бірі – Көрісу күні. Бұл күні адамдар бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасып, ақжарма тілектерін білдіреді.

Көрісу – сыйластық пен бірліктің, үлкенге құрмет пен кішіге ізеттің белгісі. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің бастауын білдіретін бұл күн халықты татулыққа, мейірімділікке және жақындыққа үндейді. Осыған орай, Ұлттық музейде Көрісу күніне арналған іс-шара өтті. Аталған шара аясында «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері арнайы барып, әріптестерін мерекемен құттықтады. Іс-шара барысында ұлттық дәстүр дәріптеліп, қонақтар бір-бірімен көрісіп, жылы лебіздерін білдіріп, мерекелік көңіл-күймен бөлісті. Баршаңызды Көрісу күнімен құттықтаймыз! Ақ мол болып, жылымыз берекелі болсын!
Previous
Next

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

ҚР Ұлттық музейінде «Қазақстан — Франция 2026» музеология форумы өз жұмысын бастады. Форум тарихи-мәдени мұраны сақтау, музей ісін дамыту, инновациялар мен цифрлық трансформация мәселелеріне арналды.

Previous Next ҚР Ұлттық музейінде «Қазақстан — Франция 2026»

Подробнее »

31 мамыр-Халқымыздың тарихындағы ең ауыр да қасіретті кезеңдердің бірі, Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бұл күн-өткеннің ащы шындығын ұмытпай, жазықсыз жапа шеккен отандастарымыздың рухына тағзым етудің және ұлттық бірлікті нығайтудың символы.

Previous Next 31 мамыр-Халқымыздың тарихындағы ең ауыр да қасіретті

Подробнее »