Беларусьте «Бозоқ» және «Несвиж» музей-қорықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Беларусь Республикасының Минск және Несвиж қалаларында «Музейные инициативы на пространстве СНГ» атты II халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Қатысушылар музей ісін дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтау және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Жиынға Қазақстан атынан Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, «Әзірет Сұлтан» және «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорықтарының өкілдері қатысты. Конференция аясында «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен Беларусь Республикасының […]