Құрметті оқырмандар! Бүгін назарларыңызға музей қорынан ерекше тарихи жәдігерді ұсынамыз.

Бұл ескерткіш — адам бейнесін стилизацияланған түрде сомдаған монументалды тас мүсін. Басы трапеция пішіндес, алдыңғы бетінде жүрек тәрізді контурмен берілген бет әлпетінің сызықтары ойылып түсірілген. Жоғарғы бөлігінде қастың сұлбасы айқын байқалады, төменгі жағы сүйірленіп келген иекпен аяқталады. Бет әлпеті ірі, сопақша, бет сүйектері шығыңқы, көздері кішкентай, аузы ашық күйде бейнеленген. Қолдары ұзын әрі дене бойымен […]