Батыс Тянь-Шань таулары

Батыс Тянь-Шань таулары

Елімізде ЮНЕСКО құрамына енген көз тартар көрікті орындар, маңызды нысандар жетерлік. Солардың бірі һәм бірегейі – Батыс Тянь-Шань таулары.

Тарихи қорға енген таулар – 2016 жылғы 17 шілдеде Стамбулда өткен ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра комитетінің 40-сессиясында Дүниежүзілік мұра тізіміне табиғи нысан ретінде енгізілді. Аталған таудың бірқатар жоталары Түркістан мен Жамбыл облыстарында орналасқан.

Батыс Тянь-Шань сілемдері Қазақстан шекарасында ғана емес, Қырғызстан және Өзбекстан территориясына да кіреді. Нысан Орталық Азиядағы әлемдегі ең ірі жеті тау жүйелерінің бірі зәулім Тянь-Шаньның бір құрамы саналады. Кейбір бөліктерінің биіктігі 700 метрден 4 мың 503 метрге дейін жетіп артылады.

Батыс Тянь-Шаньның Қазақстанға тиесілі аумағында Қаратау қорығы, Ақсу-Жабағылы қорығы мен Сайрам-Өгем ұлттық паркі бар. Бұл жерлерде флора мен фаунаның алуантүрлілігі өте жоғары. Сирек кездесетін өсімдіктер мен жан-жануарлардың саны артып, жыл сайын көбейіп келеді. Сонымен қатар әлемдегі мәдени дақылдардың (әсіресе жеміс ағаштарының) жабайы ата тегі де қалыптасып, терең дамыған.

Батыс Тянь-Шань таулары – болашақта зерттеп, зерделеуді әлі де қажет ететін бірегей нысан. Қар жапқан биігі бұлтпен таласқан алып тауды бабаларымыз «Хантәңірі» деп бекер атамаса керек.
#Мәдениет және ақпарат министрлігі #ЮНЕСКО мұралары

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Похожие посты

Елімізде ауқымды саяси және конституциялық жаңғырудың жаңа кезеңі басталып отыр. Жаңа Конституция қабылданып, бірінші Құрылтайдың құрамы сайланды. Ендігі негізгі міндет жүргізіліп жатқан реформалардың нақты нәтижеге жұмыс істеп, еліміздің дамуына ықпал етуі.

Елімізде ауқымды саяси және конституциялық жаңғырудың жаңа кезеңі басталып

Подробнее »

Қостөбе – VІ-ХІІ ғасырлардағы көне қала орны. Байзақ ауданындағы Сарыкемер ауылының шығыс жағында, Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан. Тарихи қалашық ЮНЕСКО-ның Мәдени мұралар тізіміне 2014 жылы енген.

Previous Next Қостөбе қалашығыҚостөбе – VІ-ХІІ ғасырлардағы көне қала

Подробнее »