
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Астана қаласының 7–8 сынып оқушылары арасында Республика күніне арналған «Ежелгі Бозоқ қалашығы және қазіргі Астана» атты Республикалық қашықтықтан интернет-эссе байқауы өтті.
Байқауға 70-ке жуық эссе жұмысы қабылданып, олардың арасынан үздіктері анықталды.
Жеңімпаздар мен қатысушыларға арнайы сертификаттар берілді. Болашақта жастарды тарихты білуге, отаншылдыққа баулитын байқауларды кең форматта өткізу жоспарланып отыр.
"Көне Бозоқ қалашығының археологиялық қазба жұмыстары негізінде ашық аспан астындағы Ұлттық парк құру"
Бозоқ —
Астана қаласының оңтүстігінде, Бұзықты көлінің шығыс жағалауындағы VIII—XVI ғасырлардағы қалашық пен қорым. Ескерткіш бірнеше бөліктен тұрады және жалпы аумағы шамамен 40 гектарды қамтиды. Орталық бөлігін орташа өлшемі 35×35 м болатын, валмен қоршалып, ішкі ормен бекітілген үш алаңнан («квартал») тұрады.
RSTE «State historical and cultural museum-reserve «Bozok»
Committee of Culture Ministry of culture and information of the Republic of Kazakhstan