«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» «Елорда тарихындағы ежелгі Бозоқ қалашығы» атты республикалық қашықтықтан эссе интернет-байқауын жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізеді.

НАЗАР АУДАРЫНЫЗ! НАЗАР АУДАРЫНЫЗ! НАЗАР АУДАРЫНЫЗ! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Ел тұтастығын сақтаған рәміздердің қасиеті» республикалық қашықтықтан байқауына қатысуға шақырамыз. Байқау жұмыстары электронды түрде 2023 жылғы 28 сәуір-15 мамыр аралығында bozok.konkurs@mail.ru электронды поштаcына қабылданады.

ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы білім алушылардың жаһандық антиядролық қозғалыстағы рөлі туралы білімдерін кеңейту және тереңдету мақсатында 2021 жылғы 2 тамызыдан бастап жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында Семей ядролық полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған «Ядролық қарусыз әлем өскелең ұрпақтың көзімен» атты республикалық байқауын қашықтықтан bozok.kz сайтында өткізіді.