«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңгенің 30 жылдығына арналған «Ұлттық валюта – Тәуелсіздігіміздің нышаны» республикалық қашықтықтан интернет-конкурсын өткізеді.

«ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА – ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ НЫШАНЫ» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Бозоқ көне қалашығының археологиялық қазба жұмыстары негізінде ашық аспан астындағы ұлттық парк құру» тарихи-мәдени, сәулет жобасын іске асыру мақсатында 2023 жылғы 25 қыркүйек – 3 қараша аралығында жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңгенің 30 жылдығына арналған «Ұлттық валюта – Тәуелсіздігіміздің нышаны» республикалық қашықтықтан интернет-конкурсын bozok.kz сайтында өткізеді.

Байқау жұмыстары электронды түрде 2023 жылғы 25 қыркүйектен 16 қазан аралығында bozok.konkurs@mail.ru электронды поштаcына қабылданады.

2023 жылғы 16 қазаннан кейін түскен, сондай-ақ талаптарға сәйкес келмейтін байқау материалдары қарастырылмайды.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin