ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы білім алушылардың жаһандық антиядролық қозғалыстағы рөлі туралы білімдерін кеңейту және тереңдету мақсатында 2021 жылғы 2 тамызыдан бастап жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында Семей ядролық полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған «Ядролық қарусыз әлем өскелең ұрпақтың көзімен» атты республикалық байқауын қашықтықтан bozok.kz сайтында өткізіді.

Байқауға барлығы 286 білім алушы қатысты Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді: «Мен БЕЙБІТШІЛІК сөзін саламын!»- суреттер байқауы. «Ядролық қарусыз әлем» - анимациялық фильмдер байқауы. «Ядролық қарусыз әлем үшін» - эссе байқауы.

Байқау қорытындысы 2021 жылғы 6 қыркүйекте шығарылады. Байқау жеңімпаздары үш жас санаты бойынша үш дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Орын алмаған қатысушылар сертификаттар алады, жеңімпаздардың жетекшілері – алғыс хаттар алады.

Поделиться

Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin